Electrolux EGG93322NX Manual de usuario Pagina 6

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 48
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 5
Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу,
кенет жарылыстың орын алуына себеп
болады.
Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет қолданылып
отырған майға қарағанда, төмен
температурада өрттің пайда болуына алып
келуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап
кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетіне
зақым келуі мүмкін.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
Сірке суы, лимон шырыны немесе әк дағын
кетіретін құралдар тәрізді қышқыл заттарды
пештің үстіне тигізбеңіз. Бұл заттар
ақтаңдақ із қалады.
Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы.
Бұл құрылғыны басқа мақсатта, мысалы,
бөлмені қыздыру үшін пайдаланбаңыз.
Газбен пісіретін құрылғыны пайдаланған
кезде қызу және ылғал бөлінеді. Құрылғы
орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған кезде
қосымша желдету қажет болуы, мысалы,
терезені ашу немесе барынша тиімді
желдету тәсілін пайдалану қажет болуы,
егер механикалық тартқыш бар болса,
оның қарқынын арттыруға болады.
Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты ыдыстарды
ғана пайдаланыңыз. Шыны плита (егер
болса) қатты қызып, жарылып кету қаупі
бар.
Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына
дейін жылдам бұраған кезде, жалынның
өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
Ыдыстардың шеңберлердің ортасына
орнатылғанына және пісіруге арналған
беттің жиектеріне жабысып қалмайтынына
көз жеткізіңіз.
Құрылғымен бірге жеткізілгн керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір
заттарды пайдаланбаңыз.
2.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
Құрылғыны дұрыс тастауға қатысты
ақпаратты жергілікті әкімшілік мекемеге
хабарласып алыңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
Сыртқы газ түтіктерін майыстырыңыз.
6
www.electrolux.com
Vista de pagina 5
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 47 48

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios