
11. АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
11.1 Есіктің ішкі жағы
Кей үлгілердің есігінің ішкі жағында
келесі деректер болады:
• сөре қоюға болатын деңгейлер
саны.
• қыздыру функциялары туралы
ақпарат, белгілі тағамдар үшін
ұсынылатын сөре деңгейлері мен
температура мәндері.
11.2 Тұмшапештің арнайы
қыздыру функцияларына
қатысты кеңес
Жылы ұстау
Тағамды жылы ұстағыңыз келсе осы
функцияны қолданыңыз.
Температура өздігінен 80 °C-қа
реттеледі.
Табақты жылыту
Табақтар мен тәрелкелерді жылытуға
арналған.
Табақтар мен тәрелкелерді торкөз
сөреге біркелкі орналастырыңыз.
Жылыту уақытының жартысы өткеннен
кейін оларды ауыстырыңыз (үстіңгі
және астыңғы жағын ауыстырыңыз).
Автоматты түрде орнатылатын
температура 70 °C градус.
Ұсынылатын сөре деңгейі: 3.
Қамырды көтеру
Бұл автоматты бағдарламаны ашыған
қамыр қолданылатын кез келген
рецепт үшін қолдануға болады. Бұл
қамырдың көтерілуіне жақсы әсер
ететін бағдарлама. Қамырды жақсы
тындыруға ыңғайлы үлкенірек ыдысқа
салыңыз да, дымқыл сүлгімен немесе
пластик фольгамен жабыңыз. Торкөз
сөрені бірінші деңгейге кіргізіп, үстіне
табақты қойыңыз. Есікті жабыңыз да,
функцияны орнатыңыз. Қамырды
көтеру. Қажетті уақытты орнатыңыз.
11.3 Пісіру
• Тұмшапешіңіз бұрыңғы
құрылғыңызға қарағанда басқаша
пісіруі немесе қуыруы мүмкін.
Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура,
пісіру уақыттары) және сөре
деңгейлерін кестедегі мәндерге сай
келтіріңіз.
• Өндіруші тұмшапешті ең алғаш рет
қолданғанда төмен температураны
қолдануды ұсынады.
• Арнайы рецептіге сай келетін
параметрлерді таба алмасаңыз,
соған ұқсас параметрлерді іздеңіз.
• Егер торттарды бірнеше деңгейге
қойып пісірсеңіз, пісіру уақыттарын
10 - 15 минутқа созуға болады.
• Кекстер мен пісірілген нандар
басында әр түрлі биіктікте бірдей
қызармауы мүмкін. Бұл жағдай
орын алса, температура параметрін
өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге
келеді.
• Пісіру уақыты ұзақ болса,
тұмшапешті пісіру уақытының
аяқталуына 10 минут қалғанда
сөндіріп, содан кейін қалған қызуды
қолданыңыз.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
тұмшапештің науалары майысып
қалуы мүмкін. Науалар суыған кезде
майысқаны қалпына келеді.
ҚАЗАҚ 23
Comentarios a estos manuales