
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі
сол жағында орналасқан ақпараттар
тақтайшасында және қуат туралы
мәлімет көрсетілген жапсырмада
берілген.
Орнату
Құрылғыны орнатпай тұрып
"Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке
басыңыздың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін және
құрылғыны дұрыс пайдалану үшін
мұқият оқып шығыңыз.
Орналастыру
Бұл құрылғыны температурасы
құрылғының техникалық ақпараттар
тақтайшасында көрсетілген климат
санатына сай келетін жерге
орналастыру қажет:
Климат
санаты
Қоршаған орта температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі
электр желісінің қуатына сай келетіндігін
тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы
мақсатта қорек сымы контактпен қатар
жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге
қосылмаған болса, білікті электр
маманынан ақыл-кеңес ала отырып,
құрылғыны қолданыстағы ережелерге
сай жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Есіктің ашылатын жағын өзгерту
Есік оң жаққа қарай ашылады. Есікті сол
жаққа қарай ашылатындай етіп
өзгерткіңіз келсе, құрылғыны орнатпай
тұрып төмендегі әрекеттерді жүзеге
асырыңыз:
1. Үстіңгі істікті ағытып алыңыз.
2. Үстіңгі есікті ағытып алыңыз.
3. Аралық шектегішті алыңыз.
4. Ортаңғы топсаны босатыңыз.
5. Астыңғы есікті ағытып алыңыз.
6. Астыңғы істікті ағытып алыңыз.
Қарама-қарсы жақта:
1. Астыңғы білікшені қатайтыңыз.
2. Астыңғы есікті орнатыңыз.
3. Ортаңғы топсаны қатайтыңыз.
4. Аралық тығыздағышты орнатыңыз.
5. Үстіңгі есікті орнатыңыз.
6. Үстіңгі білікшені қатайтыңыз.
12 electrolux
Comentarios a estos manuales