Electrolux EGC3313NOK Manual de usuario Pagina 8

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 16
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 7
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
5.1 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің
қақпағын әрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.
Диаметрі оттықтың диаметріне сай келетін
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Оттық Ыдыстың диаметрі
Үш шілтерлі 160 - 240 мм
Назарыңызда болсын!
Шойыннан құйылған табаларды, тас
табаны, гриль немесе тостер
табақтарын газ оттықтарына
қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыстардың тұтқаларының пештің
алдыңғы жағына шығып тұрмауын
қамтамасыз етіңіз. Ыдысты орнықты
етіп қою үшін және газды аз
пайдалану үшін ыдыстарды пісіру
шеңберлерінің дәл ортасына қою
керек.
Жарақат алып немесе ыдыстың ішіндегісі
төгіліп қалмас үшін, деформацияланған
немесе орнықты емес ыдыстарды
шеңберлерге қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Жалын шашыратқышты
пайдаланбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Тағам пісіру барысында шашыраған
сұйық, шыныны сындырып жіберуі
мүмкін
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми мәліметтерге
сәйкес, тағамды (әсіресе құрамында крахмал
бар) қуырған кезде, акриламидтер
денсаулыққа қатер төндіруі мүмкін.Сондықтан,
біз тағамды ең төмен температурада пісіруді
және тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Құрылғыны тазалау немесе жөндеу
жұмыстарын жүргізердің алдында
оны электр желісінен ажыратыңыз.
Құрылғының бетіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауды жеңілдету үшін
таба қоятын тағандарды алып қоя тұруға
болады.
Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін сабыны бар
сумен жуып, орнына қайта қояр алдында
жақсылап құрғатыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Таба қоятын тағандар ыдыс жуғыш
машинада жууға арналмаған. Оларды
қолмен жуу керек.
Ыдыс тағандарын қолмен жуғанда,
құрғатып сүрткенде абай болыңыз, себебі
эмальмен қапталған жиектері өткір болуы
мүмкін. Қажет болса, қатып қалған
дақтарды тазартқыш қоймалжыңмен
кетіріңіз.
Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын
дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
8
www.electrolux.com
Vista de pagina 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios