
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Қауіпсіздік нұсқаулары 2
Құрылғының сипаттамасы 3
Құрылғыны іске қосу 5
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
10
Күту менен тазалау 12
Төмендегі жағдайларда не істеу керек...
13
Құрылғыны тастау 14
Орнату туралы нұсқаулар 14
Қызмет көрсету 16
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Назарыңызда болсын! Бұл
нұсқауларды орындаңыз. Бұл нұсқау
орындалмаған жағдайда орын алған
ақаулықтар кепілдік шартына
кірмейді.
Дұрыс пайдалану
• Бұл құрылғыны физиологиялық,
сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімінің
аздығына байланысты пайдалана
алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда), пешті пайдалану туралы
ерекше нұсқауларды алмайынша не
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауынсыз
пайдаланбауға тиіс.
• Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз.
• Бұл құрылғыны үйде тағам пісіру мен
қуыру үшін ғана қолдану керек.
• Пештің үстін жұмыс бетіне
айналдыруға не зат сақтау үшін
пайдалануға болмайды
• Пешті өзгертуге не оған қосымша
құралдар орнатуға болмайды.
• Тұтанғыш сұйықтарды, өте тез
тұтанғыш заттарды, еріп кететін
заттарды (мысалы, пластик таспа,
пластмасса, алюминий) құрылғы
үстіне не қасына қоймаңыз.
Бала қауіпсіздігі
• Жас балаларды құрылғыдан алыс
ұстау керек.
•Құрылғыны ересек балаларға
үлкендердің қадағалауымен
пайдалануға рұқсат етіңіз.
• Кішкене балалар мен үй жануарлары
құрылғыны байқаусызда қосып қоймас
үшін бала қауіпсіздігінің құралын қосып
қоюды ұсынамыз.
Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
• Құрылғыны тек арнайы дайындықтан
өткен, уәкілетті маман ғана орнатып
және желіге қосуға тиіс.
• Кіріктіріліп орнатылатын
құрылғыларды арнайы орынға
кіріктіріп орнатқан соң не
стандарттарға сай келетін жерге
орнатқан соң ғана іске қосу қажет.
• Құрылғы ақаулығын байқасаңыз не
оның керамика бетіне(жарылған не
сызат түскен жағдайда) нұқсан келген
жағдай д а п е шті өшірі п , э л ектр қатер і н е
ұшырамас үшін желіден ажыратып қою
қажет.
• Құрылғыны тек арнайы дайындықтан
өткен уәкілетті мамандар ғана жүзеге
асыруға тиіс.
Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шарасы
• Қатты ысыған май не сұйық май тез
тұтанғыш келеді. Ескерту! Өрт шығу
қаупі бар!
•Құрылғыны ұқыпсыз іске қосқанда
күйіп қалу қаупі бар.
• Пештің керамика бетіне жапсырылған
жабысқақ таспа мен жылтыр қағазды
алыңыз.
2 electrolux
Comentarios a estos manuales