
4.4 Температура индикаторы
Термоэлементті реттеу керек
Дұрыс температура
OK
Құрылғыны дұрыс басқаруға көмектесу үшін
тоңазытқышқа температура индикаторы
орнатылған.
Бүйір жақтағы белгіше тоңазытқыштың
ішіндегі ең суық аумақты көрсетеді.
Ең суық аумақ жеміс салынатын шыны сөре
мен көкөніс салынатын тартпадан бастап,
белгішеге дейін немесе белгішенің деңгейіне
қойылған сөреге дейін жалғасады.
Тағамның дұрыс сақталуын қамтамасыз ету
үшін температура индикаторында "OK"
жазуының көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер "ОК" жазуы көрсетілмесе, температура
тетігін суығырақ параметрге қойыңыз да,
температура индикаторын 12 сағат күтіп
барып тексеріңіз.
Құрылғыға жаңа тағам салғаннан кейін
немесе есікті ұзақ уақыт қайта-қайта
ашқаннан кейін, "ОК" жазуының көрінбей
қалуы қалыпты жағдай.
4.5 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қалауыңызша орналастыруға арналған
бірнеше бағыттауыш бар.
4.6 Бөтелке сөресі
Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын
ала орналастырылған сөреге қойыңыз.
Сөре көлденең орналастырылған болса, тек
жабық бөтелкелерді ғана қойыңыз.
Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы
бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бұл
нәтижеге қол жеткізу үшін сөрені жоғары
қарай бұрып, келесі жоғарғы деңгейге көтеріп
қоюға болады.
ҚАЗАҚ 11
Comentarios a estos manuales