Electrolux ENB34233W Guía básica Pagina 11

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 48
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 10
Қызмет
Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр
жұмыстарын электр маманы не білікті адам
жүзеге асыруға тиіс.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті
қызмет көрсету орындары жүзеге асыру
керек және құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
Қоршаған ортаны қорғау
Бұл құрылғының салқындатқыш
сұйығының құрамында да, изоляция
материалдарында да озон қабатына зиян
келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны
тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын
жерге тастауға болмайды. Оның изоляция
қабаттамасында тұтанғыш газдар бар:
құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден
алынатын жарамды ережелерге сай тастау
қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның
қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне
зиян келтірмеңіз. Құрылғыда пайдаланылған
белгішесімен белгіленген материалдар
қайта өңдеуден өткізуге жарайды.
ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Температура түймешесін сағат бағытымен
бұрай отырып орташа температураға
қойыңыз.
Өшіру
Құрылғыны өшіру үшін температура
түймешесін "O" қалпына қойыңыз.
Температураны баптау
Температура автоматты түрде қойылады.
Құрылғыны іске қосу үшін төмендегі әрекетті
орындаңыз:
суықтықты азайту үшін температура
түймешесін суықтың төменгі деңгейіне
қарай бұраңыз.
суықтықты жоғары деңгейге қою үшін
температура түймешесін суықтың
максимум деңгейіне қарай бұраңыз.
Әдетте орташа суықтықты таңдаған
дұрыс.
Дегенмен, параметрді дәл тауып орнату үшін
құрылғының ішіндегі температураның
төмендегі жағдайларға:
бөлме температурасына
есіктің қаншалықты жиі ашылғандығына
сақталатын тағамның мөлшеріне
құрылғы орнатылған жерге байланысты
екендігін есте ұстау қажет.
Өте маңызды! Егер бөлме температурасы
жоғары болса не тағам тоңазытқыш ішіне
толтыра салынса және құрылғы төменгі
температурада тұрса, құрылғы үздіксіз жұмыс
жасап оның қабырғасына қырау тұруы мүмкін.
Бұндай жағдайда түймешені жоғары
температураға қойып,құрылғы мұзын қуатты
көп шығындамай, өздігінен еріп кетуіне
мүмкіндік беру қажет.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші
мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
сыртқы қабатына зиян келтіреді.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату
мен тоңазыған және мұздатылған
тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін орташа
температураны өзгертудің қажеті жоқ.
Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз
келсе, температура түймешесін максимум
суықтыққа қою үшін жоғары параметрге
қойыңыз.
Өте маңызды! Бұндай жағдайда, тоңазытқыш
камерадағы температура 0°C градустан
төмен түсіп кетуі мүмкін. Бұндай жағдай орын
алса, температура түймешесін жылырақ
параметрге әкеліп қойыңыз.
electrolux 11
Vista de pagina 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 47 48

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios