
Көрсетілген температура
мен орнатылған
температура арасындағы
айырмашылық әсіресе
мына жағдайда қалыпты
болып есептеледі:
• жаңа параметр жақында
таңдалса
• есік ұзақ уақыт ашық
тұрса
• камераға жылы тағам
қойылса.
3.6 Жоғары температураны
ескерту
Мұздатқыш ішіндегі температура
шамадан тыс (мысалы, тоқ сөніп
қалғанда) жоғарылап кетсе, Ескерту
шамы жыпылықтай бастайды да,
сигнал естіледі.
Температура қалыпты деңгейге
қойылған кезде, Ескерту шамы
жыпылықтауын жалғастырады да,
сигнал өшеді.
Сигналды қайтару тетігі басылған
кезде камераның ішінде орнаған ең
жылы температура Температура
индикаторында жыпылықтайды.
3.7 FastFreeze функциясы
FastFreeze функциясын FastFreeze
тетігін басып іске қоса аласыз.
FastFreeze шамы жанады.
Бұл функция 52 сағаттан
кейін өздігінен тоқтайды.
Функцияны кез келген
уақытта FastFreeze тетігін
басып сөндіруге болады.
FastFreeze шамы сөнеді.
3.8 Тоңазытқышты басқару панелі
1. Сигнал шамы
2. ҚОСУ/СӨНДІРУ түймешігі
3. Температура тетігі (ең жылы)
4. Температура индикаторы
5. Температура тетігі (ең суық)
6. Shopping Function шамы
7. Shopping Function тетігі
3.9 Іске қосу
1. Ашаны розеткаға сұғыңыз.
2. ҚОСУ/ӨШІРУ түймешігін басыңыз.
Сигнал шамы жанады.
3.10 Сөндіру
Мұздатқыш ҚОСУ/ӨШІРУ түймешігін
Сигнал шамы мен Температура
индикаторы сөнгенше басқан кезде
сөнеді.
3.11 Температураны реттеу
Температураны +2°C және +8°C
аралығында орнатуға болады.
Температура тетіктерін басқанда,
температура индикаторында ағымдық
орнатылған температура
жыпылықтайды. Орнатылған
температураны тек индикатор
жыпылықтап тұрғанда ғана өзгертуге
болады. Жылырақ температураны
орнату үшін ең жылы температура
тетігін басыңыз. Суығырақ
температураны орнату үшін ең суық
температура тетігін басыңыз.
Температура индикаторы жаңадан
таңдалған температураны бірнеше
секунд көрсетіп тұрады да, содан кейін
бөліктің ішіндегі температураны қайта
көрсетеді.
Жаңадан таңдалған температура 24
сағат өткенде орнайды.
3.12 Температура индикаторы
Қалыпты жұмыс жасап тұрған кезде,
Температура индикаторы
ҚАЗАҚ 7
Comentarios a estos manuales