
3.
Ішкі температураны орнату үшін + немесе
- түймешігін басыңыз. Ішкі температура
мәнін 30 °C градустан 99 °C градусқа
дейін орнатуға болады. Кестедегі
мәндерге қараңыз.
4.
Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
5.
Еттің температурасы орнатылған ішкі
температураға жеткен кезде екі минут
дыбыстық сигнал естіледі. Дыбыстық
сигналды тоқтату үшін түймешікті
басыңыз.
6.
Құрылғыны сөндіріңіз.
7.
Ішкі температура сенсорының ашасын
розеткадан суырыңыз. Етті құрылғыдан
алыңыз.
Ет сіз қалағандай жақсы піспесе, жоғарыдағы
қадамдарды қайта орындап, ішкі
температураның жоғарырақ мәнін таңдаңыз.
7.2 Керек-жарақтарды салу
Шұңғыл таба:
Шұңғыл табаны сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып итеріңіз.
Торкөз сөре:
Сөре сырғытпасының бағыттағыштарының
арасына салып итеріп, тіректерінің төмен
қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Барлық керек-жарақтардың үстіңгі оң және
сол жақтарында, қауіпсіздікті арттыру үшін
шығыңқы элементтер салынған. Шығыңқы
тұстар құралдардың аударылып қалуына
жол бермейтін қауіпсіздік құралдары болып
табылады.
• Сөренің биік жиектемесі ыдыстардың
сырғып кетуіне жол бермейтін сақтық
құралы болып табылады.
ҚАЗАҚ 11
Comentarios a estos manuales