
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
8.2 Есіктің механикалық бекітпесі
Құрылғыны сатып алғанда есіктің бекітпесі
салынып тұрмайды.
Есік бекітпесін құлыптау: Есіктің бекітпесін өз
орнына келгенше алға қарай тартыңыз.
Есік бекітпесін ашу: Есік бекітпесін тақтаға
қарай итеріңіз.
Құрылғы есігін ашу:
1.
Есік бекітпесін итеріп, ұстап тұрыңыз.
2.
Есікті ашыңыз.
Құрылғының есігін жапқанда, есіктің
бекітпесін баспаңыз.
Құрылғыны сөндіргенде, есіктің
механикалық бекітпесі қоса
ажырамайды.
9. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Кестелердегі температура мен пісіру
уақыттары жалпылама нұсқау ретінде
ғана берілген. Олар рецептерге,
олардың құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты болады.
9.1 Пісіру
Жалпы нұсқаулар
• Жаңа тұмшапешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға
қарағанда басқаша пісіруі немесе қуыруы
мүмкін. Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура, пісіру
уақыттары) және сөре деңгейлерін
кестедегі мәндерге сай келтіріңіз.
• Пісіру уақыты ұзақ болса, тұмшапешті пісіру
уақытының аяқталуына 10 минут қалғанда
сөндіріп, содан кейін қалған қызуды
қолданыңыз.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
тұмшапештің науалары майысып қалуы
мүмкін. Науалар суыған кезде майысқаны
қалпына келеді.
ҚАЗАҚ 11
Comentarios a estos manuales