
4.
Бағдарлама аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Сигналды сенсорлық
алаңды басып өшіріңіз.
5.
Құрылғыны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Бу генераторында қалған суды төгіңіз.
6.
Құрылғының есігін шамамен 1 сағат
ашып қойыңыз. Құрылғы әбден кепкенше
күтіңіз.
11.2 Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
Сөре сырғытпаларын алу
2
3
1
1.
Сырғытпаларды алдыңғы тежегіштен
еппен жоғары тартыңыз.
2.
Алдыңғы тежегіштегі сырғытпаларды
еппен ішке қарай жылжытыңыз.
3.
Сырғытпаларды артқы тежегіштен
тартып шығарыңыз.
Сөре сырғытпаларын салу
Сөре сырғытпаларын кері реттілікпен
салыңыз.
11.3 Бу шығаратын жүйе
Сақтандыру туралы ескерту!
Бу генераторын әр қолданып болған
сайын құрғатыңыз. Суды жөкемен
сорғытыңыз.
Қақты су мен сірке суының көмегімен
кетіріңіз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Химиялық қақ кетіргіш заттар эмаль
қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Су тартпасы мен бу генераторын тазалау:
1.
Су мен сірке суын араластырып
(шамамен 250 мл), бу генераторына су
тартпасы арқылы құйыңыз. Шамамен 10
минут күтіңіз.
2.
Су мен сірке суын жөкемен сорғытыңыз.
3.
Бу шығаратын жүйені шаю үшін су
тартпасына таза су (100-200 мл)
құйыңыз.
4.
Бу генераторындағы суды жөкемен
сорғытыңыз да, құрғатып сүртіңіз.
5.
Құрылғының іші әбден құрғағанша есігін
ашық қалдырыңыз.
11.4 Шам
Назарыңызда болсын!
Электр тоғы соғу қаупі бар!
Шам және шамның қақпағы ыстық
болуы мүмкін.
Шамды ауыстырар алдында:
• Құрылғыны сөндіріңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы
мен құрылғының ішіне нұқсан келмес
үшін қажет.
Әрқашан бірдей шамдарды
қолданыңыз.
Корпустың ішкі төбесінде орналасқан шамды
ауыстыру:
1.
Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2.
Металл шығырды алып, шыны қақпақты
тазалаңыз.
3.
Шамды 300 °C градус қызуға төзімді
жарамды шаммен ауыстырыңыз.
4.
Металл шығырды шыны қақпаққа
бекітіңіз.
5.
Шыны қақпақты орнатыңыз.
Корпустың ішінде, сол жақта орналасқан
шамды ауыстыру:
1.
Сөренің сол жақ сырғытпасын алыңыз.
2.
Қақпақты алу үшін 20 бұрамалы
бұрағышты қолданыңыз.
3.
Темір жақтауы мен тығыздағышын алып
тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 21
Comentarios a estos manuales