
5.1 Құрылғыны іске қосу және
сөндіру
1.
Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
бұраңыз.
2.
Температураны таңдау үшін температура
тетігін
/ қалпына бұраңыз.
3.
Құрылғыны сөндіру үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін "off" ("0")
қалпына қойыңыз.
Тетік белгішесі, индикаторы немесе
шамы (үлгіге байланысты - құрылғы
сипаттамасын қараңыз):
• Тұмшапеш қызғанда индикатор
жанады.
• Құрылғы іске қосылғанда шам
жанады.
• Белгіше арқылы тетіктің пісіру
алаңдарының, тұмшапеш
функцияларының қайсысын
басқаратыны не оның
температураны басқаратыны
көрсетіледі.
5.2 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
Жылдам қыздыру Қыздыру уақытын азайтуға арналған.
Ыстық желмен пісіру Бір мезетте тұмшапештің үш деңгейінде ең жоғары
температурамен пісіруге арналған. Осы
функцияны қолданғанда тұмшапештің
температурасын дәстүрлі пісіру режимінің
стандартты температурасынан 20 - 40 °C градусқа
азайтыңыз. Тағамды кептіру үшін қолдануға да
болады.
Пицца параметрі Тағамды тұмшапештің бір қатарына қойып қатты
қызартып, түбін қытырлақ етіп пісіруге арналған.
Осы функцияны қолданғанда тұмшапештің
температурасын Дәстүрлі пісіру режимінің
стандартты температурасынан 20 - 40 °C градусқа
азайтыңыз.
Дәстүрлі пісіру Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру және қуыру
үшін.
Астыңғы қызу Торттардың астыңғы жағын кіртілдек немесе
қытырлақ етіп пісіруге және тамақты консервілеуге
арналған.
Жібіту Мұздатылған тағамды жібітуге арналған.
Қақтау Жалпақ етіп дайындалған тағамды грильдің
ортасына қойып грильдеуге және тост жасауға
арналған.
Жылдам қақтау Жалпақ етіп көп мөлшерде дайындалған тағамнан
гриль жасауға және тост жасауға арналған.
Турбо қақтау Ет пен құс етін көп мөлшерде бір деңгейде
қызартып пісіруге арналған. Сондай-ақ, гратин
жасауға және қызартып қуыруға арналған.
ҚАЗАҚ 9
Comentarios a estos manuales