
8.4 Автоматты түрде өшіру
Құрылғы біраз уақыт өткеннен кейін
қауіпсіздікті сақтау мақсатында автоматты
түрде сөнеді:
• Егер тұмшапеш функциясы жұмыс істеп
тұрса.
• Егер тұмшапештің температурасын
өзгертпесеңіз.
Тұмшапештің температурасы Сөндіру уақыты
30 - 115 °C 12,5 сағ
120 - 195 °C 8,5 сағ
200 - 245 °C 5,5 сағ
250 - макс. °C 3,0 сағ
Автоматты түрде сөнгеннен кейін, құрылғыны
қайта іске қосу үшін түймешікті басыңыз.
Автоматты түрде сөндіру функциясы
тұмшапештің Жеңіл, Төмен
температурада пісіру,Ұзақтық,
Аяқтау, Уақытты кешіктіру, Ішкі
температура сенсоры
функцияларынан басқа
функцияларының барлығында
істейді.
9. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
9.1 Есіктің ішкі жағы
Кей үлгілердің есігінің ішкі жағында келесі
деректер болады:
• Сөре қоюға болатын қатарлардың саны.
• Қыздыру функциялары туралы ақпарат,
белгілі тағамдар үшін ұсынылатын сөре
деңгейлері мен температура мәндері.
Кестелердегі температура мен пісіру
уақыттары тек нұсқау ретінде
беріледі. Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен мөлшеріне
байланысты болады.
9.2 Пісіру
Жалпы нұсқаулар
• Жаңа тұмшапешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға
қарағанда басқаша пісіруі немесе қуыруы
мүмкін. Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура, пісіру
уақыттары) және сөре деңгейлерін
кестедегі мәндерге сай келтіріңіз.
• Пісіру уақыты ұзақ болса, тұмшапешті пісіру
уақытының аяқталуына 10 минут қалғанда
сөндіріп, содан кейін қалған қызуды
қолданыңыз.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
тұмшапештің науалары майысып қалуы
мүмкін. Науалар суыған кезде майысқаны
қалпына келеді.
Пісіру кестелерін қалай қолдану керек
• Өндіруші тұмшапешті ең алғаш рет
қолданғанда төмен температураны
қолдануды ұсынады.
• Арнайы рецептіге сай келетін
параметрлерді таба алмасаңыз, соған
ұқсас параметрлерді іздеңіз.
• Егер торттарды бірнеше деңгейге қойып
пісірсеңіз, пісіру уақыттарын 10 - 15
минутқа созуға болады.
• Кекстер мен пісірілген нандар басында әр
түрлі биіктікте бірдей қызармауы мүмкін.
Бұл жағдай орын алса, температура
параметрін өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге келеді.
16
www.electrolux.com
Comentarios a estos manuales