Electrolux EOC5851AOX Manual de usuario Pagina 20

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 44
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 19
11. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
11.1 Есіктің ішкі жағы
Кей үлгілердің есігінің ішкі жағында келесі
деректер болады:
Сөре қоюға болатын қатарлардың саны.
Қыздыру функциялары туралы ақпарат,
белгілі тағамдар үшін ұсынылатын сөре
деңгейлері мен температура мәндері.
Кестелердегі температура мен пісіру
уақыттары тек нұсқау ретінде
беріледі. Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен мөлшеріне
байланысты болады.
11.2 Тұмшапештің арнайы қыздыру
функцияларына қатысты кеңес
Жылы ұстау
Тағамды жылы ұстағыңыз келсе осы
функцияны қолданыңыз.
Температура өздігінен 80 °C-қа реттеледі.
Табақты жылыту
Табақтар мен тәрелкелерді жылытуға
арналған.
Табақтар мен тәрелкелерді пеш сөресіне
біркелкі орналастырыңыз. Жылыту
уақытының жартысы өткеннен кейін оларды
ауыстырыңыз (үстіңгі және астыңғы жағын
ауыстырыңыз).
Автоматты түрде орнатылатын температура
70 °C градус.
Ұсынылатын сөре деңгейі: 3.
Қамырды көтеру
Бұл автоматты бағдарламаны ашыған қамыр
қолданылатын кез келген рецепт үшін
қолдануға болады. Бұл қамырдың көтерілуіне
жақсы әсер ететін бағдарлама. Қамырды
жақсы тындыруға ыңғайлы үлкенірек ыдысқа
салыңыз да, дымқыл сүлгімен немесе пластик
фольгамен жабыңыз. Торкөз сөрені тиісті
деңгейге кіргізіңіз де, үстіне табақты қойыңыз.
Есікті жабыңыз да, қамырды көтеру
функциясын орнатыңыз. Қажетті уақытты
орнатыңыз.
11.3 Пісіру
Жалпы нұсқаулар
Жаңа тұмшапешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға
қарағанда басқаша пісіруі немесе қуыруы
мүмкін. Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура, пісіру
уақыттары) және сөре деңгейлерін
кестедегі мәндерге сай келтіріңіз.
Пісіру уақыты ұзақ болса, тұмшапешті пісіру
уақытының аяқталуына 10 минут қалғанда
сөндіріп, содан кейін қалған қызуды
қолданыңыз.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде,
тұмшапештің науалары майысып қалуы
мүмкін. Науалар суыған кезде майысқаны
қалпына келеді.
Пісіру кестелерін қалай қолдану керек
Өндіруші тұмшапешті ең алғаш рет
қолданғанда төмен температураны
қолдануды ұсынады.
Арнайы рецептіге сай келетін
параметрлерді таба алмасаңыз, соған
ұқсас параметрлерді іздеңіз.
Егер торттарды бірнеше деңгейге қойып
пісірсеңіз, пісіру уақыттарын 10 - 15
минутқа созуға болады.
Кекстер мен пісірілген нандар басында әр
түрлі биіктікте бірдей қызармауы мүмкін.
Бұл жағдай орын алса, температура
параметрін өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге келеді.
11.4 Пісіруге қатысты кеңестер
Пісіру нәтижелері Ықтимал себебі Шешімі
Торттың астыңғы жағы
жеткілікті қызармаған.
Сөре дұрыс деңгейге
қойылмаған.
Тортты төменірек
орналасқан сөреге қойыңыз.
20
www.electrolux.com
Vista de pagina 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 ... 43 44

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios