
6. САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ
6.1 Минут операторы
Тұмшапеш функциясының кері санақ уақытын
орнату үшін осы функцияны пайдаланыңыз.
Бұл функция тұмшапештің жұмысына
ешбір әсер етпейді.
1.
Таймердің тетігін шегіне дейін бұрап,
содан кейін қажетті уақыт мерзіміне
бұраңыз.
2.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
7.1 Бұрылмалы істік
Назарыңызда болсын!
Бұрылмалы істікті пайдаланған кезде
абай болыңыз. Шанышқылары мен
істігі өткір. Жарақат алу қаупі бар.
Назарыңызда болсын!
Бұрылмалы істікті алған кезде
тұмшапеш қолғабын пайдаланыңыз.
Бұрылмалы істік пен гриль ыстық.
Күйіп қалу қатері бар.
ABC D
A)
Тұтқасы
B)
Істік
C)
Шанышқылар
D)
Бұрылмалы істіктің жақтауы
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке
салыңыз.
2. Қуыру табағын ең астыңғы сөре деңгейіне
қойыңыз.
3. Бұрылмалы істіктің жақтауын астынан
санағанда екінші деңгейге қойыңыз.
4. Бірінші шанышқыны істікке орнатыңыз да,
содан кейін етті бұрылмалы істікке салып,
екінші шанышқыны орнатыңыз.
5. Шанышқыларды қатайту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
6. Істіктің ұшын бұрылмалы істіктің тесігіне
салыңыз. "Бұйым сипаттамасы" тарауын
қараңыз.
7. Істіктің алдыңғы жағын бұрылмалы істіктің
жақтауына салыңыз.
8. Бұрылмалы істіктің тұтқасын алыңыз.
9.
Тұмшапеш функциясының тетігін
қалпына бұраңыз. Бұрылмалы істік
айналады.
10. Қажетті температураны орнатыңыз. Пісіру
кестелеріне қараңыз.
10
www.electrolux.com
Comentarios a estos manuales