Electrolux ERC24010W Manual de usuario Pagina 24

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 104
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 23
Мұздатқыш камера мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелер мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде ылғи қырау жиналып
тұрады.
Өте маңызды! Қырау қабатының
қалыңдығы шамамен 3-5 мм жеткен
кезде мұздатқышты жібітіңіз.
Қырауды тазалап алу үшін мына
әрекеттерді орындаңыз:
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Ішінде сақталып тұрған тағамды
алып, бірнеше қабат газетке ораңыз
да, салқын жерге қойыңыз.
3. Есікті ашық қалдырыңыз.
4. Құрылғы мұзы жібіп болғаннан кейін,
оның ішін мұқият құрғатыңыз да,
ашасын розеткаға сұғыңыз.
5. Құрылғыны қосыңыз.
6. Температура түймешесін максимум
суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны
осы параметрде тұрған қалпы екі
немесе үш сағат қосыңыз.
7. Алдында алып қойған тағамдарды
қайтадан камераға салыңыз.
Өте маңызды! Буландырғыштың
қырауын ешқашан өткір металл
құралдарды пайдаланып қырмаңыз,оны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Өндіруші
ұсынған тәсілден басқа әдіспен,
механикалық құралды қолданып немесе
жасанды жолмен мұзды жылдам ерітуге
әрекеттенбеңіз. Құрылғы мұзын еріту
барысында орамдағы тағамдардың
температурасының жоғарылауы,
олардың сақталатын мерзімін қысқартуы
мүмкін.
Құрылғыны қолданбаған кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз
2. барлық тағамдарды шығарыңыз
3. құрылғыны жібітіп, оны керек-
жарақтарымен қоса тазалаңыз
4. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есік/есіктерді ашық қалдырыңыз.
Өте маңызды! Егер құрылғыны қосып
қалдыратын болсаңыз, электр қуаты
өшіп қалған жағдайда ішіндегі тағам
бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап қойып
отыруын сұраңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Назарыңызда болсын! Ақаулық
себебін іздестірмес бұрын ашаны
розеткадан суырып алыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулық түрін тек білікті маман не
білікті адам ғана іздестіруге тиіс.
Өте маңызды! Құрылғы қалыпты
режимде жұмыс жасап тұрғанда біраз
шуыл (компрессор, салқындатқыш
сұйықтың айналуы) естіліп тұрады.
Ақаулық Мүмкін себептері Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады
Құрылғы дұрыс тұрмай тұр Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт
сирағының төртеуі де еденге
тиіп тұруға тиіс)
Құрылғы жұмыс жасамай
тұр. Құрылғы шамы
қосылмай тұр.
Құрылғы өшірулі. Құрылғыны қосыңыз.
Аша электр желісіндегі
розеткаға дұрыс жалғанбаған.
Ашаны электр желісіндегі
розеткаға дұрыс сұғыңыз.
Құрылғыда қуат жоқ.
Розеткада кернеу жоқ.
Розеткаға әртүрлі электр
құрылғыларын қосып көріңіз.
Білікті электр маманын
шақырыңыз.
Шам жанбай тұр. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз.
24 electrolux
Vista de pagina 23
1 2 ... 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 ... 103 104

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios