Electrolux ERW33901X Manual de usuario Pagina 8

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 52
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 7
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын
құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары
мен оны қайта толтыруды тек
уəкілетті маман ғана жүзеге
асыруға тиіс.
Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру
қажет:
іші мен керек-жарақтарын аздап
нейтрал сабын салынған жылы сумен
тазалаңыз.
есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл
тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп
алып отырыңыз.
шайып мұқият құрғатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғы ішіндегі
түтікшелер жəне/не сымдардың
ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып не
бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш
заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса
хош иістендірілген тазалағыш заттарды
не балауыз жылтыратқыштарды
пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар
құрылғының беткі қабатын бүлдіріп,
онда ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артында орналасқан
конденсат құрылғысы (қара гриль) мен
компрессорды шөткемен
тазалаңыз.
Желдеткіш торды бұлай тазалау
құрылғының жұмысын жақсартып,
электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
Өте маңызды! Салқындатқыш жүйеге
еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға
арналған көпшілік заттардың
құрамында осы құрылғы үшін
пайдаланылған пластиктерге зиянды
əсер ететін химикаттар бар. Сондықтан
да осы құрылғы корпусының сыртын,
тек аздаған жуғыш зат салынған жылы
сумен тазалау ұсынылады
.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
Мұзды жібіту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау буландырғыштан, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде шығарылады. Еріген су науа
арқылы құрылғының артқы жағында,
мотор компрессорының үстінде
орналасқан арнайы сауытқа жиналады
да, сол жерде буға айналады.
Құрылғының ортасындағы науаның,
еріген суды ағызатын тесігін, су асып
төгілуге жəне
тамшылауға жол бермес
үшін, уақытылы тазалау керек.
Құрылғымен бірге жеткізілетін арнайы
тазалағыш құралды пайдаланыңыз, оны
су ағатын тесіктен аласыз.
8 electrolux
Vista de pagina 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 51 52

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios