
Ішін тазалау
Есік айналасындағы тығыздағыштарды,
жуғыш және шайғыш зат сауыттарын
мезгіл-мезгіл дымқыл матамен тазалап
тұрыңыз.
Әр 3 ай сайын жуғыш затты пайдаланып,
аса кірлеген ыдыс-аяқтарды жууға
арналған бағдарламаны ешбір ыдыс-
аяқсыз орындап тұруды ұсынамыз.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Егер машинаны ұзақ уақыт
пайдаланбасаңыз, сізге берер кеңесіміз:
1. Машинаны электр желісінен
ажыратып, содан кейін суды өшіріп
тастаңыз.
2. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін,
есікті ашыңқырап қойыңыз.
3. Машинаның ішін тазалап қойыңыз.
Мұздап кетуден сақтау
Машинаны температурасы 0°C төмен
болатын жерге қоймаңыз. Егер ондай
жағдайға мүмкіншілік жоқ болса
машинаны босатыңыз да оның есігін
жауып, су қабылдайтын түтігін
ажыратып, оны босатыңыз.
Машинаны көшіру
Егер машинаны көшіру қажет болып
қалса, (көшу себептеріне, т.б.):
1. Электр желісінен ажыратыңыз.
2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
3. Су қабылдайтын және жуынды суды
жіберетін түтіктерін ажыратыңыз.
4. Машинаны түтіктерімен бірге
шығарып алыңыз.
Тасымалдау кезінде машинаның
аударылып кетуіне жол бермеу керек.
Не істерсіңіз, егер...
Ыдыс жуғыш машина жұмысын
бастамай жатыр немесе жұмыс жасап
тұрған кезде тоқтап қалады.
Кейбір мәселелер қарапайым
техникалық қызмет көрсетілмегендіктен
не бақылаудың жеткіліксіздігінен пайда
болатындықтан, оларды арнаулы
маманды шақырмай-ақ, кестедегі
нұсқауларды қолданып шешуге болады.
Ақаулықты түзетуге бағытталған
әрекеттерді жүзеге асыру үшін ыдыс
жуғыш машинаны өшіріңіз.
Қателер коды және дұрыс жұмыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары
•
сандық бейнебетте
пайда болады
Ыдыс жуғыш машинаға су құйылмай тұр.
• Су құбырының шүмегі толып қалған немесе
оған қақ тұрған.
Су құбырының шүмегін тазалаңыз.
• Су құбырының шүмегі жабық тұр.
Су құбырының шүмегін ашыңыз.
• Су құятын түтікшедегі сүзгі(бар
машиналарда) бітіп қалған.
Су құятын түтікшедегі сүзгіні тазалаңыз.
• Су құятын түтікше дұрыс
орналастырылмаған немесе ол қысылып,
суды жібермей тұр.
Су құятын түтікшенің дұрыс қосылған не
қосылмағанын тексеріңіз.
•
сандық бейнебетте
пайда болады
Құрылғы суы сарқылмай тұр
• Раковинаның түтікшесі бітеліп қалған.
Раковинаның түтікшесін тазалаңыз.
• Суды ағызатын түтікше дұрыс
орналастырылмаған немесе ол қысылып,
суды жібермей тұр.
Су ағызатын түтікшенің дұрыс қосылған не
қосылмағанын тексеріңіз.
electrolux 21
Comentarios a estos manuales