Electrolux ESL47020 Manual de usuario Pagina 7

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 24
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 6
Бағдарлама аяқталғаннан кейін
құрылғының есігін ашқан кезде ыдыстар
су болуы мүмкін. Есікті ашып,
ыдыстарды кептіруді ұсынамыз.
Функцияны іске қосу үшін осы
түймешікті басыңыз. Тиісті индикатор
жанады.
Көп қоындылы түймешік
Көп қойынды функциясын белсендіру
немесе ажырату үшін осы түймешікті
басыңыз. "Көп қойындылы функциясы"
бөлімін қараңыз.
Болдырмау түймешігі
Орындалып тұрған бағдарламаны
біржола тоқтату үшін осы түймешікті
басыңыз. 'Жуу
бағдарламасын орнату
жəне бастау' тарауын қараңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Мына əрекеттерді орындау үшін
құрылғы параметрлерді орнату
режимінде тұруға тиіс:
Жуу бағдарламасын орнату жəне
бастау үшін.
Кешіктіріп бастау бағдарламасын
орнату жəне бастау үшін.
Су жұмсартқыштың деңгейін
электрондық тəсілмен баптау үшін.
Шайғыш зат үлестіргішті қосу не
өшіру (тек multitab функциясы қосулы
тұрғанда ғана) үшін.
Дыбыстық
сигналдарды сөндіру
немесе қосу үшін.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы
келесі жағдайда параметрлерді
орнату режимінде тұрады:
Бейнебетте екі көлденең қалып-күй
жолағы пайда болса.
Құрылғыны іске қосыңыз. Құрылғы
келесі жағдайда параметрлерді
орнату режимінде тұрмайды.
Бейнебетте жуу бағдарламасының
немесе кешіктіріп бастау циклінің
уақыты көрсетіледі.
Параметрлерді орнату режиміне
қайту үшін жуу бағдарламасын
немесе кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
керек.
'Жуу бағдарламасын таңдау жəне
бастау' тарауын қараңыз.
Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар келесі жағдайда
естіледі:
Жуу бағдарламасы аяқталғанда.
Су жұмсартқыштың деңгейі
электрондық тəсілмен бапталғанда.
Құрылғыда ақау бар кезде.
Зауытта орнатылған параметрлер:
қосулы.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. (4) жəне (5) түймешігін, (3), (4) жəне
(5) түймешіктерінің индикаторлары
жыпылықтағанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
4. (4) жəне (5) түймешігін босатыңыз.
5. (5) түймешігін басыңыз,
•(3) жəне (4) түймешіктерінің
индикаторлары сөнеді.
•(5) түймешігінің индикаторы
жыпылықтауын жалғастырады.
Бейнебетте дыбыстық сигналдар
параметрі көрсетіледі.
Дыбыстық
сигналдар қосулы.
Дыбыстық
сигналдар
сөндірулі.
6. Параметрді өзгерту үшін (5)
түймешігін басыңыз.
7. Құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Дыбыстық сигналдарды қайта қосу
үшін (1) бастап (7) дейінгі
қадамдарды орындаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
1. Су жұмсартқыштың деңгейі, тұратын
жеріңіздегі судың кермектігіне сай
деңгейге қойылғанына көз жеткізіңіз.
Сай келмесе, су жұмсартқыштың
деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина
тұзынан салыңыз.
electrolux 7
Vista de pagina 6
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 23 24

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios