Electrolux EWP86100W Manual de usuario Pagina 11

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 60
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 10
Қорек сымын өз бетіңізбен
ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қорек сымы мен ашаның құрылғының
артында жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін ашаның қол
жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
Электр желісіне және су
жүйелеріне қосу жұмыстарын
құрылғыны орнату нұсқауларына
сәйкес жүзеге асырыңыз.
Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
Кірді алғаш рет жуар алдында,
барабан мен машина ішіндегі
өндіріс қалдықтарды тазалау үшін
мақта мата циклын ең үлкен
температураға қойып, машинаны
кір салмастан іске қосыңыз.
Негізгі жуу циклына арналған
үлестіргіш қорапшаға жуғыш
заттың 1/2 мөлшерін салыңыз да,
машинаны іске қосыңыз.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Жуылатын кірді сұрыптау
Әр киімнің затбелгісіндегі жуу
белгішелерін қарап, өндірушінің жууға
қатысты нұсқауларын орындаңыз.
Киімді төмендегідей сұрыптаңыз: ақ,
түрлі-түсті, синтетика, нәзік мата, жүн
тоқыма.
Кір салардың алдында
Өте маңызды! Кірде ешбір темір заттың
қалып қоймауын қадағалаңыз (мысалы,
шаш қыстырғыш, қауіпсіздік түйреуіші,
түйреуіштер). Жастық қаптарының
түймесін салып, тартпаларды тартып
жауып, ілгектер мен батырма
түймешіктерді салыңыз. Белбеу не ұзын
таспалар болса оларды байлаңыз.
Ілмектерді алыңыз (мысалы, перденің).
•Ақ және түрлі-түсті киімдерді
ешқашан бірге жумаңыз. Ақ киімнің
«ақтығы» жуу барысында бозарып
қалуы мүмкін.
Жаңа түрлі-түсті киімді алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін; сондықан да
оларды алғаш жуғанда жеке жуу керек.
Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
Перделерді ерекше баппен
тазалаңыз.
Нәски, қолғаптарды қалта немесе
торға салып жуыңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды жумай
тұрып тазалаңыз:
electrolux 11
Vista de pagina 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 59 60

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios