
ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ АҚАУЛЫҚ
Аталмыш құрылғы зауыттан шыққанша көп
мәрте тексеріліп, сынақтан өткізілген.
Дегенмен, қандай да бір ақаулықты
байқасаңыз, құрылғы сатылғаннан кейін
қызмет көрсету орталығына хабарласпас
бұрын төмендегі тарауларды қараңыз.
Ақаулық Себептері
Кір жуғыш машина іске
қосылмайды немесе
оған су құйылмайды:
• құрылғы розеткаға дұрыс қосылған жоқ, электр қосылымы жұмыс
істемей тұр,
• құрылғының есігі мен барабанның есікшелері дұрыс жабылған
жоқ,
• бағдарламаны бастау параметрі дұрыс таңдалмаған,
• электр қуаты өшіп қалған,
• су құятын жүйе тоқтап қалған,
• су құятын шүмек жабық,
• су құятын түтіктің сүзгілері ластанған,
• су құятын түтікте қызыл таңбалама пайда болады.
Құрылғыға су толады
да, дереу сарқылып
қалады:
• су төгетін түтіктің U-тетігі тым төмен орналасқан (орнату тарауын
қараңыз).
Кір жуғыш машина
шаю циклін
орындамайды немесе
суын төкпейді:
• су төгетін түтік бітелген немесе майысып қалған,
• су төгетін түтіктің сүзгісі бітеліп қалған,
• теңгерім сақталмай тұрғанын анықтайтын құрал іске қосылған: кір
барабан ішіне дұрыс салынбаған,
• “Суды төгу” бағдарламасы немесе “Түнгі, шуылсыз плюс” немесе
“Шаюды кідірту” параметрі таңдалған,
• су төгуге арналған U-тетігінің биіктігі дұрыс емес.
Кір жуғыш машинаның
айналасына су
аққанын көрсеңіз:
• Жуғыш зат тым көп салынғандықтан, көбік сыртқа төгілген,
• кір жуғыш машинада қолдануға жарамайтын жуғыш зат
қолданылған,
• су төгуге арналған U-тетігі дұрыс орналастырылмаған,
• су төгетін түтіктің сүзгісі орнына дұрыс қойылмаған,
• су құятын түтіктен су ағып жатыр.
Кір қанағаттанғысыз
жуылған:
• кір жуғыш машинада қолдануға жарамайтын жуғыш зат
қолданылған,
• барабанға тым көп кір салынған,
• жарамайтын жуу циклі таңдалған,
• жуғыш зат жеткіліксіз салынған.
Машина дірілдеп,
шуыл шығарып тұр:
• құрылғыдан орам материалдарының барлығы алынбаған (орнату
туралы тарауды қараңыз),
• құрылғының деңгейі және теңгерімі дұрыс орнатылмаған,
• құрылғы қабырға немесе жиһазға тым жақын орнатылған,
• кір барабан ішіне дұрыс салынбаған,
• кір тым аз салынған.
Жуу циклі тым ұзақ: • су құятын түтіктің сүзгілері ластанған,
• электр қуаты үзілген немесе су құятын жүйе тоқтап қалған,
• мотордың шамадан тыс қызғанын анықтайтын құрал қосылған,
• құйылатын судың температурасы әдеттегіден төмен,
• көбікті анықтайтын құрал іске қосылған (жуғыш зат тым көп
салынған) және кір жуғыш машина көбікті төге бастады,
• теңгерім сақталмай тұрғанын анықтайтын құрал іске қосылған:
кірді барабан ішіне барынша біркелкі таратып салу үшін қосымша
цикл қосылған.
electrolux 71
Comentarios a estos manuales