Electrolux EOB53400CN Manual de usuario Pagina 17

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 24
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 16
ТАҒАМНЫҢ
ТҮРІ
Сөренің орналасуы
Температура
[°C]
Уақыт [сағ]
1 деңгей 2 деңгей
Алмұрт 3 1/4 60 - 70 6 - 9
9. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Металл беттерді тазалау үшін кәдімгі
жуғыш заттарды пайдаланыңыз.
Тұмшапешті пайдаланып болған сайын ішкі
жағын тазалаңыз. Осылайша ластықты
оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол
бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарын
пайдаланып болған сайын тазалаңыз және
кептіріңіз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш
затты пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Себебі ластық
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
Болаттан немесе алюминийден
жасалған құрылғылар:
Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен
ғана тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Жүн мақтаны, қышқылды немесе
жеміргіш материалдарды
пайдаланбаңыз, себебі тұмшапештің
бетіне нұқсан келіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де
осындай сақтық шараларды орындап
тазалаңыз.
9.1 Есіктің тығыздағышын тазалау
Есіктің тығыздағышын уақытылы тексеріңіз.
Есіктің тығыздағышы тұмшапеш
жақтауының айналасында орналасқан.
Есіктің тығыздағышына нұқсан келсе,
құрылғыны пайдаланбаңыз. Қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жалпылама
нұсқауларды қараңыз.
9.2 Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын!
Тұмшапештің шамын ауыстырған
кезде абай болыңыз. Электр тоғы
соғу қаупі бар!
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамына және шыны
қақпағына зақым келмес үшін
тұмшапештің табанына шүберек
төсеңіз.
Шамға майдың қалдығы жұғып
күймес үшін, галоген шамды үнемі
шүберекпен ұстаңыз.
1.
Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2.
Шыны қақпақты тазалаңыз.
3.
Тұмшапеш шамының орнына 300 °C
градус қызуға төзетін тұмшапеш шамын
салыңыз.
Шамның дәл осындай түрін
пайдаланыңыз.
4.
Шыны қалпақты орнатыңыз.
9.3 Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапеш есігінің екі шыны панелі бар.
Тұмшапештің есігін және ішкі шыны панелін
алып тазалауға болады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
ҚАЗАҚ 17
Vista de pagina 16
1 2 ... 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios