
7. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса, тұз
сауытын толтырыңыз.
• Шайғыш зат индикаторы қосулы тұрса,
шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны салынған заттар мен
олардың ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз да, іске қосыңыз.
7.1 Жуғыш затты қолдану
A
B
D
C
B
A D
C
1.
(B) босату түймешігін басып, қақпақты (C)
ашыңыз.
2.
Жуғыш затты (A) бөлігіне салыңыз.
3.
Егер бағдарламаның алдын ала жуу циклі
бар болса, (D) бөлігіне жуғыш заттан
аздап салыңыз.
4.
Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз,
оларды жуғыш зат үлестіргішіне (A)
салыңыз.
5.
Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына қойылғанына
көз жеткізіңіз.
7.2 Таблетка тәрізді құрама жуғыш
затты пайдалану
Тұз және шайғыш заты бар таблеткаларды
қолданғанда, тұз сауыты мен шайғыш зат
сауытын толтырмаңыз. Шайғыш заттың
сауыты босап қалса, шайғыш зат индикаторы
үнемі жанады.
1. Су жұмсартқышты ең төмен мәнге
қойыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең
төмен мәнге қойыңыз.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш
зат мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-
жеке қолданар алдында мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің
толы екеніне көз жеткізіңіз.
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
және ыдыс салмай орындаңыз.
10
www.electrolux.com
Comentarios a estos manuales