
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі
судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
7.3 Бағдарламаны орнату және
бастау
Reset функциясы
Құрылғы кей параметрлер үшін пайдаланушы
баптайтын режимде тұруға тиіс.
Барлық бағдарламалардың индикаторлары
жанса, құрылғы параметрлерді орнату
режимінде тұрады.
Құрылғыны пайдаланушы режиміне қою үшін
Reset функциясын орындаңыз
1. Барлық бағдарламалардың
индикаторлары жанғанша бағдарлама
түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймешігін басыңыз.
3. Program түймешігін орнатқыңыз келген
бағдарламаның индикаторы ғана
жанғанша қайта-қайта басыңыз.
4. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады.
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Бағдарламаны 3 сағатқа кешіктіріп бастау
үшін Delay түймешігін басыңыз.
• Delay индикаторы жанады.
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ
басталады.
• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама
басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату
Кешіктіріп бастау функциясын біржола
тоқтатқан кезде бағдарлама мен
функцияларды қайта орнату керек.
1. Program түймешігін барлық бағдарлама
индикаторлары жанып, аяқтау индикаторы
жыпылықтағанша басып ұстап тұрыңыз.
Бағдарламаны біржола тоқтату
Reset функциясын орындаңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар
алдында, жуғыш зат үлестіргіште
жуғыш заттың бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бағдарламаның соңы
"Соңы" индикаторы жанады.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
Егер қосу/сөндіру түймешігін
баспасаңыз, бағдарлама
аяқталғаннан кейін бірнеше минут
өткенде AUTO OFF функциясы
құрылғыны автоматты түрде
сөндіреді.
Бұл электр қуатын аз тұтынуға
көмектеседі,
Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан
кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал
келеді.
• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін
үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.
• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су
тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-
аяққа қарағанда тез салқындайды.
ҚАЗАҚ 11
Comentarios a estos manuales