Electrolux EGG7353NOX Manual de usuario Pagina 8

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 16
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 7
5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
5.1 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің
қақпағын әрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.
Назарыңызда болсын!
Диаметрі оттықтың диаметріне сай
келетін ыдыстарды ғана
пайдаланыңыз.
Оттық Ыдыстың диаметрі
Үш
шілтерлі
180 - 260 мм
Жылдам 180 - 260 мм
Алдыңғы
жартылай
жылдам
120 - 180 мм
Артқы
жартылай
жылдам
120 - 220 мм
Қосымша 80 - 180 мм
Назарыңызда болсын!
Кәстрөлдердің табандарының
басқару тетіктерін басып
тұрмағанына көз жеткізіңіз. Егер
басқару тетіктері кәстрөлдердің
астында қалса, оларды жалын
ысытып жібереді.
Бір табаны екі оттыққа қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Кәстрөл саптарының пісіру алаңының
алдыңғы қырының үстінде емес
екеніне көз жеткізіңіз. Кәстрөлдерді
барынша орнықты етіп қою және
газды мүмкіндігінше аз пайдалану
үшін кәстрөлдерді шеңберлердің
ортасына қойыңыз.
Орнықсыз және түбі деформацияланған
кәстрөлдерді ішіндегісі төгіліп, адам жарақат
алмас үшін шеңберлерге қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Жалын шашыратқышты
пайдаланбаңыз.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Құрылғыны тазалау немесе жөндеу
жұмыстарын жүргізердің алдында
оны электр желісінен ажыратыңыз.
Құрылғының бетіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
Пештің үстін тазалауды жеңілдету үшін
таба қоятын тағандарды алып қоя тұруға
болады.
Эмальмен қапталған бөліктерді,
қақпақшасы мен шілтерін сабыны бар
сумен жуып, орнына қайта қояр алдында
жақсылап құрғатыңыз.
8
www.electrolux.com
Vista de pagina 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios