
11.4 Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын!
Тұмшапештің шамын ауыстырар
кезде абай болыңыз. Электр тоғы
соғу қаупі бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында:
• Тұмшапешті сөндіріңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамы мен шыны
қақпағын қорғау үшін тұмшапештің
табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын ауыстыру
1.
Шамның қақпағын пештің арт жағынан
таба аласыз.
Шамның қақпағын алу үшін сағат
бағытына қарсы бұраңыз.
2.
Шыны қақпақты тазалаңыз.
3.
Тұмшапеш шамын 300°C қызуға төзімді
тұмшапеш шамына ауыстырыңыз.
Тұмшапештің шамындай шамды
қолданыңыз.
4.
Шыны қақпақты орнатыңыз.
11.5 Тартпаны алу
Тұмшапештің астындағы тартпаны оңай
тазалау үшін алуға болады.
1.
Тартпаны тоқтағанша бері қарай
тартыңыз.
1
2
2.
Тартпаны сәл жоғары көтеріп тартпаның
сырғытпа жолдарынан алыңыз.
Тартпаны орнына салу
1.
Тартпаны сырғытпа жолдарға қойыңыз.
Шеттерінің сырғытпа жолдарға дұрыс
салынғанына қол жеткізіңіз.
2.
Тартпаны көлбеу түсіріңіз де, ішке қарай
итеріңіз.
Назарыңызда болсын!
Тұмшапеш жұмыс істеп тұрғанда,
тартпаның іші қызып кетуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды тартпаға салып
сақтамаңыз (мысалы, тазартқыш
заттар, пластик қапшықтар, пеш
қолғабы, қағаз, бүріккіштер т.с.с.).
12. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы жұмыс істемей тұр Сақтандырғыш блогындағы
сақтандырғыш босап кеткен
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Сақтандырғыш бірнеше рет
ағытылып қалса, білікті
электрші маманға
хабарласыңыз.
Құрылғы жұмыс істемей тұр Бір уақытта 2 немесе одан
да көп сенсорлық өрістерді
басып қойғансыз
Тек бір ғана сенсорлық
өрісті басыңыз
Құрылғы жұмыс істемей тұр Басқару панеліне су немесе
май шашыраған
Басқару панелін тазалаңыз
ҚАЗАҚ 33
Comentarios a estos manuales