
Пеш функциясы Қолданылуы
Ауамен желпіп
пісіру
Бірнеше сөрені пайдалана отырып, бірдей температурада
пісірілуге тиіс тағамдарды иістерін бір-біріне сіңірмей қуыруға
немесе қуырып-пісіруге арналған.
Мұзды еріту
Мұздатылған тағамды жібітеді. Температураны басқару тетігі
"сөндірулі" қалпына қойылуы керек.
Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Әуелі минут операторының басқару
тетігін ("Бұйым сипаттамасы" тарауын
қараңыз) сағат бағытымен шегіне дейін
бұраңыз. Содан кейін сағат бағытына
қарсы бұрап қажетті уақытқа қойыңыз.
Уақыт аяқталғаннан кейін сигнал
естіледі де, құрылғы автоматты түрде
сөнеді. Минут операторының тетігін
қалпына, пеш функцияларын,
температурасын басқару тетіктерін OFF
(сөндірулі) қалпына қойыңыз.
Уақытты орнатпай пісіру үшін,
минут операторының басқару
тетігін
қалпына қойыңыз.
Пештің керек-жарақтарын салу
Пештің сырғымалы керек-
жарақтарының қос қырлы ұштарын
пештің артқы жағына келтіріп, төмен
қаратып салыңыз. Пештің сырғымалы
керек-жарақтарын пеш қатарларының
біріндегі бағыттағыш жолдарға келтіріп
салыңыз.
Жайпақ тағамды пісіру науасы мен
пеш сөресінің қос қырлы ұшы бар.
Осы ұштар мен бағыттағыш
жолдардың пішімдері пештің керек-
жарақтарын аударылып кетуден
сақтайды.
Пеш сөресі мен жайпақ пісіру науасын
қатар салу
Пеш сөресі мен жайпақ пісіру науасын
салыңыз. Жайпақ пісіру науасын пеш
қатарларының біріндегі бағыттағыш
жолдарға келтіріп салыңыз.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
• Пештің сөре қойылатын төрт қатары
бар. Сөре қатарларын құрылғының
астынан бастап санау керек.
• Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің
екі деңгейінде пісіруге болады.
Сөрелерді 1-ші және 3-ші деңгейге
қойыңыз.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде
есікті әрқашан артқа шегініп барып
ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін тамақ
пісірер алдында пешті 10 минут іске
қосып қойыңыз.
10 electrolux
Comentarios a estos manuales