
• Техникалық тақтайшадағы электр
параметрлерінің желі параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
ғана қолданыңыз.
• Көп тармақты ашаларды,
қосқыштарды және ұзартқыш
кабельдерді қолданбаңыз. Өрт шығу
қатері бар.
• Қорек сымын өзіңіз ауыстыруға
немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғы кез келген полюсте
контакттарының арасына 3 мм орын
қалдыра отырып ажыратуға мүмкіндік
беретін құралмен жабдықталуға тиіс.
• Қорек сымы мен ашаның құрылғының
арт жағында жаншылып немесе
бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны орнатып болған соң да
ашаға қол жететіндігін тексеріңіз.
• Құрылғыны сымынан тартып
ағытпаңыз. Әрқашан сымының
ашасынан ұстап ағытыңыз.
• Айырып-қосқыш құралдардың дұрыс
түрін қолдану қажет: оларға айырып-
қосқыштар, сақтандырғыштар
(бұралмалы сақтандырғыштарды
ұясынан алу қажет ), жерге қосу және
контакт құралдары жатады.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Қызмет көрсету орталығы
• Тек уәкілетті техниктің ғана
құрылғыны жөндеуіне немесе оған
қатысты жұмысты орындауына
болады. Уәкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді
ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке
зиян келмес үшін:
–Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
– Қуат сымын кесіп алыңыз да,
қоқысқа тастаңыз.
– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз.
Бұл кішкентай балалардың немесе
үй жануарларының құрылғының
ішіне кіріп, қамалып қалуына жол
бермейді. Тұншығып қалу қаупі бар.
БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
Жалпы шолу
9
1 2 3
5
4
6
7
8
1
2
3
4
1 Пешті басқару түймешелері
2 Минут операторын басқару тетігі
3 Тұмшапеш температурасын басқару
тетігі
4 Температура индикаторы
5 Тұмшапеш функцияларын басқару
тетігі
6 Гриль
7 Тұмшапеш шамы
8 Желдеткіш
9 Сөре сырғытпасы
6 electrolux
Comentarios a estos manuales