Electrolux ENB38633X Guía básica Pagina 5

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 12
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 4
суықтыққа қою үшін жоғары параметрге
қойыңыз.
Өте маңызды! Бұндай жағдайда,
тоңазытқыш камерадағы температура 0°C
градустан төмен түсіп кетуі мүмкін. Бұндай
жағдай орын алса, температура түймешесін
жылырақ параметрге әкеліп қойыңыз.
Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі
камераға қойыңыз.
Мұздатылған тағамды сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ
уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,
камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең
кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы
параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету, мысалы
электр қуаты өшіп, ток техникалық
сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру уақыты"
бөлімінде берілген мәндерден де ұзақ уақыт
бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып
барып қайта тоңазыту (салқындатқан соң)
қажет.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай отырып,
оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан
алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
Жаңа/жас тағам қорабы
Жаңа/жас тағам қорабының камерасы
балық, ет, теңіз тағамы сияқты жаңа/жас
тағамды сақтауға ыңғайлы, себебі
мұздатқыштың басқа жеріне қарағанда бұл
жерде температура төмендеу келеді. Ол
мұздатқыштың төменгі жағында, көкөніс
тартпасының дәл үстінде орналасқан.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Қалыпты жұмыс кезінде естілетін шуыл
Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы
аққан кезде әлсіз сырылдаған немесе
көпіршіп жатқан тәрізді шуылдар естілуі
мүмкін. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылып тұрған кезде,
тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады
да, компрессордан сырылдаған, сондай-ақ
дірілдеген дауыс шыққанын естисіз. Бұл
дұрыс.
Жылу әсерінен кеңею орын алған кезде,
кенет тырс-тырс еткен шуыл естілуі
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, қауіпті
физикалық феномен емес. Бұл дұрыс.
Компрессор қосылғанда немесе өшкенде,
температура түймешесінің ақырын "сырт"
еткенін естисіз. Бұл дұрыс.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу
жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны
электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны
қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана
жүзеге асыруға тиіс.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнердегі түтікше арқылы жиналады да,
осы жерде буға айналады.
Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне ақпас
үшін тоңазытқыш ортасындағы каналдағы
еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл
тазалап отырған дұрыс. Арнайы берілген
тазалағышты пайдаланыңыз, оны су
ағызатын тесіктен таба аласыз.
electrolux 5
Vista de pagina 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios