
• Мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша қысқа уақыт
ішінде жеткізіңіз.
• Тағамды жібіткеннен кейін сапасы
дереу түсе бастайды және оны
қайта мұздатуға болмайды.
• Тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ескертулер
АБАЙЛАҢЫЗ
Қандай да бір жөндеу
жұмысын орындау
алдында, құрылғыны
сөндіріңіз.
Құрылғының
салқындатқыш жүйесінде
көмірсутек бар; жөндеу
және оны қайта толтыру
жұмыстарын тек уәкілетті
маман ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғының керек-
жарақтары мен
бөлшектерін ыдыс жуғыш
машинамен жууға
болмайды.
7.2 Мерзімді тазалау
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының ішіндегі
түтікше және/немесе
сымдардың ешқайсысын
тартуға, қозғауға немесе
бүлдіруге болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ
Салқындатқыш жүйені
зақымдамаңыз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын бейтарап сабын мен
жылымшы сумен тазалаңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, таза және
қоқыссыз болуын қамтамасыз ету
үшін сүртіңіз.
3. Мұқият шайыңыз және құрғатыңыз.
4. Қол жетіп тұрса, құрылғының
артындағы конденсатор мен
компрессорды шөткемен
тазалаңыз.
Бұлай тазалау құрылғының
жұмысын жақсартып, электр
қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
7.3 Тоңазытқышты жібіту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген
су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап тұрған маңызды.
ҚАЗАҚ 11
Comentarios a estos manuales