Electrolux ENN92801BW Manual de usuario Pagina 12

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 36
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 11
7.4 Мұздатқыштың мұзын
еріту
АБАЙЛАҢЫЗ
Буландырғыштағы
қырауды ешқашан өткір
металл қырғышпен
қырмаңыз, оны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
Құрылғының мұзын еріту
кезінде, оралып
мұздатылған тағамдардың
температурасының
жоғарылауы олардың
қауіпсіз сақталу мерзімін
қысқартуы мүмкін.
Мұзды жылдам еріту үшін
өндіруші ұсынған
құралдардан өзге
механикалық немесе басқа
жасанды заттарды
ешқашан қолданбаңыз.
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде қырау әрқашан жиналады.
Мұздатқыш қырауының қалыңдығы
шамамен 3-5 мм болғанда жібітіңіз.
1. Электр ашасын розеткадан
суырыңыз немесе құрылғыны
сөндіріңіз.
2. Ішінде тағам тұрса, оны алып,
бірнеше қабат газетке ораңыз да,
салқын жерге қойыңыз
АБАЙЛАҢЫЗ
Мұздатылған заттарды
дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
Қолдарыңыз
мұздатылған заттарға
жабысып қалуы мүмкін.
3. Есікті ашыңыз.
Жібіту үрдісін жылдамдату үшін
мұздатқыш бөліктің ортасына
жылы су құйылған стакан қойыңыз.
Сонымен қатар сындыруға
болатын мұзды ерімей тұрып
алыңыз.
4. Мұзы еріп болғаннан кейін
құрылғының ішін жақсылап
құрғатыңыз да, қырғышты кейін
қолдану үшін сақтап қойыңыз.
5. Құрылғыны қосыңыз.
6. Температура түймешесін ең үлкен
суықтыққа қойыңыз да, құрылғыны
осы параметрде тұрған қалпы екі
немесе үш сағат жұмысқа қосыңыз.
7. Алдында алып қойған тағамдарды
қайта салыңыз.
7.5 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
2. Тағамдардың барлығын
шығарыңыз.
3. Мұзын ерітіп (егер қажет болса),
құрылғыны және барлық керек-
жарақтарын тазалаңыз.
4. Құрылғыны және оның керек-
жарақтарының барлығын
тазалаңыз.
5. Жағымсыз иіс пайда болмау үшін
есікті/есіктерді ашық қалдырыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны қосып
қойғыңыз келсе, электр
қуаты өшіп қалса сақталған
тағам бұзылып кетпес
үшін, басқа бір адамның
арасында бір рет тексеріп
қоюын сұраңыз.
8. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
www.electrolux.com12
Vista de pagina 11
1 2 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 ... 35 36

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios