
8. ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
8.1 Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
8.2 Есіктің механикалық бекітпесі
Құрылғыны сатып алғанда есіктің бекітпесі
салынып тұрмайды.
Есік бекітпесін құлыптау: Есіктің бекітпесін өз
орнына келгенше алға қарай тартыңыз.
Есік бекітпесін ашу: Есік бекітпесін тақтаға
қарай итеріңіз.
Құрылғы есігін ашу:
1.
Есік бекітпесін итеріп, ұстап тұрыңыз.
2.
Есікті ашыңыз.
Құрылғының есігін жапқанда, есіктің
бекітпесін баспаңыз.
Құрылғыны сөндіргенде, есіктің
механикалық бекітпесі қоса
ажырамайды.
9. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
9.1 Есіктің ішкі жағы
Кей үлгілердің есігінің ішкі жағында келесі
деректер болады:
• Сөре қоюға болатын қатарлардың саны.
• Қыздыру функциялары туралы ақпарат,
белгілі тағамдар үшін ұсынылатын сөре
деңгейлері мен температура мәндері.
Кестелердегі температура мен пісіру
уақыттары тек нұсқау ретінде
беріледі. Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен мөлшеріне
байланысты болады.
9.2 Пісіру
Жалпы нұсқаулар
• Жаңа тұмшапешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға
қарағанда басқаша пісіруі немесе қуыруы
мүмкін. Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура, пісіру
уақыттары) және сөре деңгейлерін
кестедегі мәндерге сай келтіріңіз.
• Пісіру уақыты ұзақ болса, тұмшапешті пісіру
уақытының аяқталуына 10 минут қалғанда
сөндіріп, содан кейін қалған қызуды
қолданыңыз.
12
www.electrolux.com
Comentarios a estos manuales