
сөре орындарына қатысты стандартты
ақпарат берілген.
Нақты рецептіге арналған
параметрлерді таба алмасаңыз, ұқсас
біреуін пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің көмегімен
тағамды булы ортада, ішін жұмсақ,
сыртын кітірлек етіп пісіруге болады.
Бұл пісіру уақыты мен қуат мөлшерін
барынша азайтады.
Торт пісіру
Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын
дақ түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
Етті кесердің алдында сөлі ағып
кетпес үшін шамамен 15 минут қоя
тұрыңыз.
Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне
байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы
құрылғыны пайдаланған кезде
қолданылатын ыдыстарға,
рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
10.2 Ыстық желдеткішпен пісіру ПЛЮС
Торттар / кондитер өнімдері / нандар
Бос тұмшапешті 5 минут алдын ала қыздырыңыз.
Пісірме табақты пайдаланыңыз.
Екінші сөре деңгейін қолданыңыз.
Тағам Корпустың
белгіленген жеріне
дейінгі су мөлшері
(мл)
Температура (°C) Уақыт (мин.)
Печеньелер,
шелпектер,
круассандар
100 150 - 180 10 - 20
Фокачча 100 200 - 210 10 - 20
Пицца 100 230 10 - 20
Булочкалар 100 200 20 - 25
Нан 100 180 35 - 40
Торт қалбырында
пісірілген өрік
торты, алма
бәліші, дәмқабық
булочкалары.
100 - 150 160 - 180 30 - 60
ҚАЗАҚ 15
Comentarios a estos manuales