
АБАЙЛАҢЫЗ
Сүзгілер дұрыс салынбаса,
жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болуы
және құрылғыға нұқсан
келуі мүмкін.
11.2 Бүріккіш түтіктерді
тазалау
Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.
Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп
қалса, қалдықтарды жіңішке
шырпымен тазалаңыз.
11.3 Сыртын тазалау
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
• Тек бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз.
• Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені
немесе еріткіштерді
пайдаланбаңыз.
11.4 Ішін тазалау
• Құрылғыны мұқият тазалаңыз,
соның ішінде есіктің резеңке
тығыздағышын жұмсақ, дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
• Егер қысқа бағдарламаларды жиі
пайдалансаңыз, құрылғының ішінде
май немесе әк жиналып қалуы
мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын
алу үшін ұзақ бағдарламаларды
айына кем дегенде 2 рет қосып
орындауды ұсынамыз.
• Құрылғының барынша жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін ыдыс
жуғыш машиналарға арналған
арнайы жуғыш затты ай сайын
қолдануды ұсынамыз. Өнімдердің
орамындағы нұсқауларды мұқият
орындаңыз.
12. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
Құрылғы жұмысын бастамаса немесе
жұмыс жасап тұрып тоқтап қалса.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласу алдында, кестеде
көрсетілген ақпаратты қолданып,
ақаулықты өз бетіңізбен түзетіп көріңіз.
ЕСКЕРТУ!
Дұрыс жөндемеген
жағдайда пайдаланушы
қатерлі жағдайға тап
болуы мүмкін. Кез келген
жөндеу жұмысын тек білікті
маман ғана іске асыруға
тиіс.
Кей ақаулықтар орын алғанда,
дисплейде ескерту коды
көрсетіледі.
Мәселелердің көпшілігін Уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласпай-ақ жөндеуге болады.
ҚАЗАҚ 19
Comentarios a estos manuales