
12.1 Жуу және құрғату нәтижелері қанағаттанарлық емес
Ақаулық Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Жуу нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
• "Күнделікті қолдану", "Ақыл-кеңес" тарауын
және себетті толтыру парақшасын қараңыз.
• Қарқыны барынша жоғары бағдарламаларды
пайдаланыңыз.
• Жуғыш таблеткаларды қолдансаңыз, Multitab
функциясын әрқашан қолданыңыз.
• Бүріккіш түтікшелерді және сүзгіні тазалаңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын қараңыз.
Кептіру нәтижелері
қанағаттанарлық емес.
• Жабық тұрған құрылғының ішіне ыдыс өте ұзақ
уақыт қалдырылған.
• Шайғыш зат жоқ немесе шайғыш затты үлестіру
мөлшері жеткіліксіз. Шайғыш зат үлестіргішті ең
жоғары деңгейге қойыңыз.
• Пластик заттарды сүлгімен құрғату қажет болуы
мүмкін.
• Біз шайғыш затты әрқашан пайдалануды, тіпті
аралас таблеткалармен бірге қолдануды
ұсынамыз.
Стакандар мен ыдыстарда
ақ жолақтар немесе көк
дақтар пайда болған.
• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылған.
Шайғыш заттың деңгейін ең төменгі деңгейге
қойыңыз.
• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.
Стакандар мен ыдыстарда
дақтар және кепкен су
тамшылары қалған.
• Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген.
Шайғыш заттың деңгейін ең жоғары деңгейге
қойыңыз.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты
болуы мүмкін.
Ыдыс-аяқ кеппеген. • Бұл бағдарламаның кептіру режимі жоқ немесе
кептіру режимінің температурасы төмен.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.
• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты
болуы мүмкін.
• Бұл жуғыш таблеткалардың сапасына
байланысты болуы мүмкін. Басқа түрін
қолданыңыз немесе шайғыш зат үлестіргішті
қосып, шайғыш зат пен жуғыш таблеткаларды
бірге пайдаланыңыз.
• Ыдыстарды алмай тұрып ыдыс жуғыш
машинаның есігін біраз уақыт ашып қойыңыз.
Құрылғының ішкі жағы
дымқыл.
• Бұл құрылғының ақауы емес, бұл қабырғаларда
конденсат пайда болуға әкелген ауаның
ылғалдылығына байланысты.
www.electrolux.com22
Comentarios a estos manuales