Electrolux EVY5760AOX Manual de usuario Pagina 11

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 40
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 10
5.
Тұмшапеш функцияларының тетігін
"сөндіру" (“0”) қалпына бұраңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішінде тағам болмаса
іске қоспаңыз.
Микротолқын функциясы қосылып
тұрғанда келесі әрекетті орындауға
болады:
қуат параметрлерін өзгертуге.
қуат параметрлерін тексеруге.
түймешігін басыңыз.
Тұмшапештің есігін ашқанда,
функция тоқтайды. Қайта бастау үшін
түймешігін басыңыз.
6.2 Аралас функцияны орнату
1.
Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
функция тетігін бұраңыз.
Бейнебетте әдепкі температура
көрсетіледі.
2.
Температураны өзгертіңіз.
3.
Микротолқын функциясын қосыңыз.
"Микротолқын функциясын орнату"
тарауын қараңыз.
4.
Орнатылған уақыт аяқталған кезде
дыбыстық сигнал естіледі де, тұмшапеш
функциясы мен Микротолқын функциясы
автоматты түрде сөнеді.
5.
Функция тетігін "сөндіру" (“0”) қалпына
бұраңыз.
6.3 Микротолқынды пеш
Жұмысқа қатысты ақпарат
Жалпы:
Құрылғыны сөндіргеннен кейін, тағамды
бірнеше минут қоя тұрыңыз ("Микротолқын
кестелері" тарауын қараңыз: қоя тұру
уақыты").
Алюминий қағаздан жасалған орамды,
темір сауыттарды т.с.с. тағам дайындар
алдында алыңыз.
Пісіру:
Егер мүмкін болса, тағамды микротолқынға
сай келетін материалмен жауып пісіріңіз.
Тағамды қытырлақ етіп пісіргіңіз келсе ғана,
қақпақ жаппай пісіріңіз.
Қуат және уақыт параметрлерін тым
жоғары мәнге қойып, тағамды қатты
пісірмеңіз. Тағам кеуіп, күйіп немесе оның
кей жерлері жанып кетуі мүмкін.
Құрылғыны жұмыртқаны және
шырыштарды қабығымен пісіру үшін
пайдаланбаңыз, себебі жарылып кетуі
мүмкін. Жұмыртқаны қуыру үшін әуелі
сарысын тесіп алыңыз.
"Терісі" немесе "қабығы" бар картоп,
қызанақ, шұжық тәрізді тағамдарды,
жарылып кетпес үшін бірнеше рет
шанышқымен тесіп алғаннан кейін пісіріңіз.
Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ пісіру
уақытын орнатыңыз.
Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
Сәбіз, бұршақ немесе орамжапырақ тәрізді
тығыз тағамдарды суға салып пісіру керек.
Үлкен кесектерді пісіру уақытының
жартысы өткенде аударыңыз.
Егер мүмкін болса, көкөністерді кішкенелеп
тураңыз.
Жалпақ, кең ыдыстарды қолданыңыз.
Фарфор, керамика немесе балшықтан
жасалған мысалы, сабында кішкене тесігі
бар немесе түбі безендірілмеген
ыдыстарды қолданбаңыз. Осы тесікке
енетін ылғал қызған ыдысты жарып жіберуі
мүмкін.
Етті, құстың етін, балықты жібіту:
Мұздатылған, оралмаған тағамды, жібіген
кезде сөлі ағып кетуі үшін сауыттың үстіне
аударылып қойылған кішкене табақтың
үстіне немесе жібітуге арналған торға
немесе пластик сүзгіге салыңыз.
Жібіту уақытының жартысы өткен кезде
тағамды аударыңыз. Егер мүмкін болса,
жіби бастаған бөліктерін бөліп, содан кейін
алып қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін, кваркты
жібіту:
Құрылғының ішінде әбден жібітпеңіз, бөлме
температурасына қойып жібітіңіз. Сонда
барынша біркелкі жібиді. Жібіту алдында
темір немесе алюминий орамдарын түгел
алыңыз.
Жеміс-көкөністерді жібіту:
Пісірмей дайындалатын жемістер мен
көкөністерді құрылғыда әбден жібітпеңіз.
Бөлме температурасында жібітіңіз.
Жемістер мен көкөністерді алдын ала
жібітпей пісіру үшін жоғарырақ микротолқын
қуатын пайдалануға болады.
ҚАЗАҚ 11
Vista de pagina 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 39 40

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios