
13.2 Ықтимал ақаулықтар
Ақаулық Ықтимал шешімі
Бағдарлама
басталмай тұр.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы еш сақтандырғышқа
зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
• Старт/Пауза басылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер кешіктіріп бастау функциясы орнатылып тұрса,
оны ажыратыңыз не кері санақ аяқталғанша күтіңіз.
• Егер Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны
ажыратыңыз.
• Таңдалған бағдарламадағы тетіктің тұрған жерін
тексеріңіз.
Құрылғыға су дұрыс
құйылмай тұр.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте
төмен емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты
жергілікті су ресурстары мекемесіне хабарласып
алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің ақаусыз екенін, бұратылып немесе
майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің
бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен
тазалау" тарауын қараңыз.
Құрылғыға су
құйылады да, дереу
төгіледі
• Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Түтік өте төмен орналасқан болуы мүмкін.
"Орнату нұсқаулығы" тарауын қараңыз.
Құрылғы суы
сарқылмай тұр.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз. Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту
менен тазалау" тарауын қараңыз.
• Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып
тұрса, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
• Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны
таңдасаңыз, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
Айналдыру циклы
жұмыс істемейді
немесе жуу циклы
әдеттегіден ұзаққа
созылады.
• Айналдыру бағдарламасын орнатыңыз.
• Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз. Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту
менен тазалау" тарауын қараңыз.
• Бұндай жағдай орын алса, барабандағы кірді қолмен
таратып, айналдыру циклін қайта бастаңыз. Бұл
мәселе теңгерімге байланысты болуы мүмкін.
ҚАЗАҚ 31
Comentarios a estos manuales