
5. Астыңғы жағындағы полистирол төсемді
алыңыз. Құрылғыны қайта тіктеп қойыңыз.
6. Қуат сымын және түтік ұстағыштағы су
төгетін түтікті алыңыз.
Су төгетін түтіктен судың ағып тұрғанын
көруге болады. Бұл кір жуғыш машинаның
зауытта сынақтан өткізілгенін көрсетеді.
7. Үш тасымлдау болттарын алып, пластик
орын сақтағыштарын тартып шығарыңыз.
8. Пайдаланушы нұсқаулығы салынған
қалтадағы пластик қақпақтармен тесіктерді
бітеңіз.
Құрылғыны көшіргенде
қолдану үшін орам
материалдары мен
тасымалдау болттарын
сақтауды ұсынамыз.
3.2 Орнатуға қатысты ақпарат
1. Орналастыру және деңгейлеу
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
дірілдемеу, шуыл шығармау не
қозғалып кетпеу үшін оны дұрыс
деңгейлеп қойыңыз.
1. Құрылғыны тегіс, қатты еденге
орнатыңыз. Құрылғыны деңгейлеп
және орнықты етіп орнату керек.
Құрылғы қабырғаға немесе басқа
құрылғыларға тимейтін және астыңғы
жағында ауа алмасуға мүмкіндік барын
тексеріңіз.
2. Деңгейін реттеу үшін тіректерін
босатыңыз немесе қатайтыңыз.
Барлық тіректері орнықты тұруы керек.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғының деңгейін
реттеу үшін оның
тіректерінің астына картон,
ағаш немесе сол сияқты
заттарды қоймаңыз.
ҚАЗАҚ 7
Comentarios a estos manuales