Electrolux EWF127570W Manual de usuario Pagina 2

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 60
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 1
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 4
Басқару панелі 5
Бірінші қолдану 9
Жеке талаптарға сай лайықтау 9
Әркүндік қолдану 9
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
13
Жуу бағдарламалары 15
Күту менен тазалау 18
Не істерсіңіз, егер... 22
Техникалық сиппатама 25
Пайдалану көлемі 26
Орнату 26
Электртоғына қосу 30
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 30
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өте маңызды! Нұсқаулықты мұқият
оқыңыз да келешекте пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Құрылғыңыздың қауіпсіздігі өнеркәсіп
стандарттары мен тұрмыстық
құрылғылардың қауіпсіздігіне қатысты
заң талаптарына сай келеді.
Дегенмен, өндіруші ретінде
қауіпсіздікке қатысты төмендегі
ақпараттарды беруді өз міндетіміз деп
санаймыз.
Бұл нұсқаулық кітапшаны келешекте
де пайдалану үшін құрылғымен бірге
сақтап қою қажет. Құрылғы сатылса не
басқа пайдаланушыға берілсе не
өзіңіз көшіп құрылғыны қалдыратын
болсаңыз, оның жаңа иесі құрылғының
функциялары мен оған қатысты
ескертулерден хабардар болу үшін
осы кітапшаны құрылғымен бірге
қалдырудың маңызы зор.
Құрылғыны орнатып, пайдаланбас
бұрын бұл ақпараттарды мұқият оқып
шығуға ТИІССІЗ.
Құрылғыны алғаш рет іске қоспас
бұрын, тасымалдау барысында оның
еш жерінің бүлінбегендігін тексеріп
алыңыз. Бүлінген машинаны ешқашан
қоспаңыз. Құрылғы бөлшектері
бүлінген жағдайда оны сатушыға
хабарласыңыз.
Құрылғы қыстың минус
температуралы айларында жеткізілсе:
Кір жуғыш машинаны ең алғаш
пайдаланбас бұрын бөлме
температурасында 24 сағат ұстаңыз.
Орнату
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Құрылғы орауышын ашқанда, оның еш
жеріне нұқсан келмегенін тексеріп
алыңыз. Егер күмәндансаңыз, оны
пайдаланбай тұрып қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Пайдаланбас бұрын барлық
орауыштары мен тасымалдау үшін
қолданылған құралдарын алуыңыз
қажет. Бұл шара орындалмаған
жағдайда өнім мен басқа да
меншігіңізге елеулі нұқсан келеді. Осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы тиісті
тарауды қараңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң оның
су құятын және кір суды ағызатын
түтігінің басылып қалмағанын, қорек
сымының жұмыс алаңы мен қабырға
арасында қыстырылып қалмағанын
тексеріп алыңыз.
Егер машина кілем төселген еденге
қойылса, ауа машинаның астыңғы
жағында еркін айналу үшін оның
сирақтарын бұрап лайықтап қойыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін оның
түтіктері мен оларды жалғастырған
жерлерден еш су ақпай тұрғандығын
әрқашан тексеріп отырыңыз.
2 electrolux
Vista de pagina 1
1 2 3 4 5 6 7 ... 59 60

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios