
Ақаулық Ықтимал себебі/Шешімі
Кір жуғыш машина іске
қосылмайды:
Есік жабылған жоқ.
• Есікті нығыздап жабыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған.
• Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Розеткада электр қуаты жоқ.
• Үйдегі электр желісін тексеріңіз.
Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.
• Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Бағдарлама таңдау тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған жəне/
немесе 8 түймешігі басылмаған.
• Таңдау тетігін бұраңыз да, 8 түймешігін қайтадан басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған.
• Кі
рді дереу жуу қажет болса, кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатыңыз.
Бала қауіпсіздігі құралы іске қосулы.
• Бала қауіпсіздігі құралын ажыратыңыз.
Машинаға су құйылмай
тұр:
Су құятын шүмек жабық.
• Су құятын шүмекті ашыңыз.
Су құятын түтік бұратылып немесе жаншылып қалған.
• Су құятын түтіктің қосылымын тексеріңіз.
Су құятын түтіктегі немесе оның клапанындағы сүзгі бітеліп
қалған.
• Су құятын түтіктегі сүзгілерді тазалаңыз (Қосымша
ақпаратты "Су құятын түтіктегі сүзгілерді тазалау"
тарауынан қараңыз).
Есік дұрыс жабылған жоқ.
• Есікті нығыздап жабыңыз.
Машинаға су құйылады
да, дереу ағып кетеді:
Су төгетін түтіктің ұшы тым төмен орналасқан.
•«Суды төгу» бөліміндегі тиісті тармақты қараңыз.
Машинаның суы
төгілмейді жəне/немесе ол
айналмайды:
Су төгетін түтік қысылып немесе бұратылып қалған.
• Суды төгетн түтік қосылымын тексеріңіз.
Су төгетін түтіктегі сүзгі бітеліп қалған.
• Су төгетін түтіктегі сүзгіні тазалаңыз.
Аяқталғанда су əлі де машина ішінде қалатын немесе ешбір
айналдыру циклдері орындалмайтын функция немесе
бағдарлама таңдалған.
• Суды төгу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
• Кірді таратып салыңыз.
Еденге су аққан:
Жуғыш зат тым көп не жарамайтын жуғыш зат (тым көп көбік
пайда болады) қолданылған.
• Жуғыш заттың мөлшерін азайтыңыз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Су құятын түтіктің жалғастырғыштарының бірінен су ақпай
тұрғанын тексеріңіз. Су түтік арқылы төмен қарай
ағатындықтан, мұны көру оңай бола бермейді; оның дымқыл
болмауын тексеріңіз.
• Су құятын түтік қосылымын тексеріңіз.
Су төгетін нем
есе құятын түтік бүлінген.
• Оның орнына жаңасын салыңыз.
Тазалап болғаннан кейін сүзгі дұрыс бұралып салынбаған.
• Сүзгіні шегіне дейін бұрап салыңыз.
electrolux 25
Comentarios a estos manuales