
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
• Электр желісіне жəне су
жүйелеріне қосу жұмыстарын
құрылғыны орнату нұсқауларына
сəйкес жүзеге асырыңыз.
• Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
• Кірді алғаш рет жуар алдында,
барабан мен машина ішіндегі
өндіріс қалдықтарды тазалау үшін
мақта мата циклын ең үлкен
температураға қойып, машинаны
кір салмастан іске қосыңыз.
Негізгі жуу циклына арналған
үлестіргіш қорапшаға жуғыш
заттың 1/2 мөлшерін салыңыз да,
машинаны іске қосыңыз.
ƏРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЖУЫЛАТЫН КІРДІ СҰРЫПТАУ
Əр киімнің затбелгісіндегі жуу
белгішелерін қарап, өндірушінің жууға
қатысты нұсқауларын орындаңыз.
Киімді төмендегідей сұрыптаңыз: ақ,
түрлі-түсті, синтетика, нəзік мата, жүн
тоқыма.
КІР САЛАРДЫҢ АЛДЫНДА
Өте маңызды! Кірде ешбір темір
заттың қалып қоймауын қадағалаңыз
(мысалы, шаш қыстырғыш, қауіпсіздік
түйреуіші, түйреуіштер). Жастық
қаптарының түймесін салып,
тартпаларды тартып жауып, ілгектер
мен батырма түймешіктерді салыңыз
.
Белбеу не ұзын таспалар болса оларды
байлаңыз. Ілмектерді алыңыз (мысалы,
перденің).
• Ақ жəне түрлі-түсті киімдерді
ешқашан бірге жумаңыз. Ақ киімнің
«ақтығы» жуу барысында бозарып
қалуы мүмкін.
• Жаңа түрлі-түсті киімді алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін; сондықан да
оларды алғаш жуғанда жеке жуу
керек.
• Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
• Перделерді ерекше баппен
тазалаңыз.
• Нəски, қолғаптарды қалта немесе
торға
салып жуыңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды жумай
тұрып тазалаңыз:
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен
жуып алыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды
арнайы жуғыш зат салынған суға салып
түні бойы жібітіңіз де, содан кейін
сабынды суға салып ысқылаңыз.
Майлы бояудан қалған дақ:: дақ
кетіргіш бензинмен жібітіңіз де, киімді
жұмсақ матаның үстіне қойып, дақты
бірнеше рет сіңіріп
алыңыз.
Кеуіп қалған май дақтары:
скипидармен жібітіңіз де, киімді жұмсақ
заттың үстіне қойып, мақтадан
жасалған матаны даққа қойып, оны
саусағыңыздың ұшымен басып сіңіріп
алыңыз.
Тот:: ыстық суға ерітілген шавель
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына əлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары:
ағартқышпен сүртіңіз де,
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы берік
киімдер үшін ғана).
electrolux 11
Comentarios a estos manuales