Electrolux EWT136580W Guía básica Pagina 50

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 72
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 49
Қажетті бағдарламаны таңдау
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті
бағдарламаға бұраңыз. "Бастау/Үзіліс"
түймешігі жасыл боп жанады.
Егер бағдарлама таңдау тетігін цикл
орындалып жатқанда басқа бағдарламаға
бұрсаңыз, құрылғы жаңадан таңдалған
бағдарламаны елемейді. “Қате” шамы
жанады және "Бастау/Үзіліс"
түймешігі
бірнеше секунд бойы қызарып жанады.
Температураны таңдау
Егер кіріңіздің құрылғы таңдаған бір
температурадан басқа температурада
жуылуын қаласаңыз, температураны көбейту
не азайту үшін, "Температура"
түймешігін
қайталап басыңыз (“Бағдарламалар кестесі”
бөлімін қараңыз).
белгішесі салқын жууды
білдіреді.
Айналдыру жылдамдығын таңдау
Егер кірдің құрылғы таңдаған бір
жылдамдықтан басқа жылдамдықпен
айналуын қаласаңыз, айналдыру
жылдамдығын өзгерту үшін "Айналдыру"
түймешігін басыңыз, сондай-ақ,
“Айналдырмау”
, " Шаю ды к ідірту" немесе
“Қосымша түнгі тыныштық” параметрін
таңдауға болады.
5)
.
Ең үлкен айналдыру жылдамдықтары:
мақта мата, эко мата үшін: 1300 айн/мин, жүн
мата үшін : 1000 айн/мин, синтетика, көйлек,
оңай үтіктелетін маталар үшін : 900 айн/мин,
биязы маталар, жамылғы үшін : 700 айн/мин.
Бағдарламаның соңында "Шаюды кідірту"
немесе “Қосымша түнгі тыныштық”
параметрін таңдасаңыз, циклды аяқтап, суды
төгу үшін “Айналдыру”
немесе “Суды
ағызу”
бағдарламасын таңдау қажет.
Қосымша түнгі тыныштық : циклде айналдыру
болмайды және шаюды кідірту параметрімен
аяқталады.
Параметрлерді таңдау
Бағдарламаны таңдағаннан кейін және
"Бастау/Үзіліс"
түймешігін баспастан
бұрын әртүрлі параметрлерді таңдауыңыз
керек (“Бағдарламалар кестесі” бөлімін
қараңыз). Қажетті түймешіктерді басыңыз ;
сәйкес белгішелер дисплейде пайда болады.
Егер қайта басылса, белгішелер жоғалады.
Егер параметрлердің бірі таңдалған
бағдарламамен сыйысымды болмаса,
дисплейде “Қате” түймешігі жанып, “Бастау/
Үзіліс”
түймешігі қызыл боп жанады.
"Алдын ала жуу" параметрі
Құрылғы алдын ала жуу циклін макс. 30°C
градуста орындайды.
"Шаю плюс" параметрі
Кір жуғыш машина цикл орындалып тұрған
кезде бір немесе бірнеше шаю циклдерін
қосады. Бұл функция терісі сезімтал
адамдарға және суы тұщы жерлерде
қолдануға арналған.
Уақытша : "Шаю плюс"
түймешігін
басыңыз. Бұл функция тек таңдалған
бағдарлама үшін ғана қосылады.
Тұрақты : "Алдын ала жуу"
және "Кешіктіріп
бастау"
түймешіктерін бірнеше секунд
басып ұстап тұрыңыз. Функция тұрақты түрде,
тіпті құрылғы өшіп тұрса да қосылып тұрады.
Оны ажырату үшін әрекетті қайталаңыз.
"Кешіктіріп бастау"
Бұл параметр жуу бағдарламасының
басталуын 30, 60, 90, 2 сағаттан 20 сағатқа
дейін кідіртуге мүмкіндік береді. Таңдалған
уақыт дисплейде бірнеше секунд көрсетіліп
тұрады.
Кідіртілген басталу уақытын “Бастау/Үзіліс”
түймешігін баспастан бұрын “Кешіктіріп
бастау”
түймешігін қайта басу арқылы кез
келген уақытта өзгертуге немесе
болдырмауға болады (0’ бірден бастауды
білдіреді).
Егер “Бастау/Үзіліс”
түймешігін басып
қойған болсаңыз және кешіктіріп бастауды
өзгерту немесе болдырмау керек болса,
келесіні орындаңыз :
Кешіктіріп бастауды болдырмай, циклды
бірден бастау үшін, “Бастау/Үзіліс”
түймешігін, одан кейін “Кешіктіріп бастау
түймешігін басыңыз. Циклді бастау үшін,
“Бастау/Үзіліс”
түймешігін басыңыз.
Таймердің кідіріс кезеңін өзгерту үшін,
“Тоқтату”
қалпы арқылы өтіп, циклді
қайта бағдарламалауыңыз керек.
Кешіктіріп бастау уақыты кезінде есік
бұғаттаулы тұрады. Егер оны ашу керек
болса, алдымен “Бастау/Үзіліс”
түймешігін
басу арқылы құрылғыны уақытша
тоқтатуыңыз керек. Есікті қайта жапқаннан
кейін, “Бастау/Үзіліс”
түймешігін басыңыз.
Таймер
Циклді “ Time Manager”
түймешіктерін
пайдалану арқылы ұзартуға немесе
қысқартуға болады. Жуылатын киімдегі кірдің
деңгейі де көрсетіледі.
5) Үлгіге байланысты.
50 electrolux
Vista de pagina 49
1 2 ... 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 ... 71 72

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios