
Сөре сырғытпаларын кері ретпен
салыңыз.
Сырғытпа жолдардағы
білікшелер алға қарап
тұруға тиіс.
12.3 Каталитті тазалау
АБАЙЛАҢЫЗ
Каталитті қаптаманы
тұмшапеш бүріккішімен,
түрпілі тазалағыш
заттармен, сабын немесе
басқа жуғыш заттармен
тазаламаңыз. Бұл
каталитті қаптаманы
бүлдіруі мүмкін.
Керек-жарақтарының барлығын және
алмалы сөре сырғытпаларын алыңыз.
Қабырғалар мен корпустың төбесі
каталитті қаптамамен қапталған. Олар
жоғары температурада тағамның
майы мен қалдықтарын иіс шығармай
сіңіреді.
Құрылғы өздігінен тазалануы үшін
ішіне тағам салмай мезгіл-мезгіл
қыздырыңыз.
Каталитті қаптаманың
түсінің оңуы немесе
ондағы дақтар каталиттің
сипаттарына еш әсер
етпейді.
1. түймешігін дисплейде "Cata"
және тазалау уақыты (1 сағат)
пайда болғанша қайта-қайта
басыңыз.
Ұзақтық функциясын орната
алмайсыз, бірақ тазалау үдерісін
кешіктіріп бастау үшін Аяқтау
функциясын қолдана аласыз.
Уақыт аяқталғаннан кейін дыбыстық
сигнал естіледі. Құрылғы сөнеді.
2. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
сенсор өрісін басыңыз немесе
есікті ашыңыз.
3. Құрылғының табанын жұмсақ,
дымқыл жөкемен тазалаңыз.
12.4 Иіс сүзгісі
Иіс сүзгісі пісіру немесе гриль жасау
кезінде пайда болатын иісті азайтады.
Бұл егер құрылғының ішіндегі
температура 50 °C градустан жоғары
болса жұмыс істей бастайды. Иіс
сүзгісі тұмшапештің төбесінде
орналасқан және өздігінен қалпына
келіп отырады. Иіс сүзгісі тұмшапештің
барлық функцияларында қосылады.
Иіс сүзгісін Параметрлер
мәзірі арқылы қосыңыз.
Иіс сүзгісі қосулы тұрғанда, дисплейде
иіс сүзгісінің белгішесі көрінеді.
Тұмшапеш функциясының соңында
қызған иіс сүзгісінің жұмысы тағы 10
минут жалғасады. Иіс сүзгісі
құрылғыны сөндіргенде немесе
тұмшапештің есігін ашқанда тоқтайды.
12.5 Есікті алу және орнату
Есікті және ішкі шыны панельдерді
алып тазалауға болады. Шыны
панельдердің саны әр үлгіде әр түрлі.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғының есігін алған
кезде абай болыңыз.
Есіктің салмағы ауыр.
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз.
2. Есіктің қос топсасындағы
ысырмаларды (A) барынша
басыңыз.
3. Тұмшапештің есігін бірінші ашу
күйіне (шамамен 70° градус) қарай
жабыңыз.
4. Есікті екі жағынан қолдарыңызбен
қапсыра ұстап тұрып, құрылғыдан
жоғары қарай қиғаштап көтеріп
тартып шығарыңыз.
www.electrolux.com40
Comentarios a estos manuales