
4. Су сауытын шайып, тұмшапештің
ішіндегі қалдық заттарды
шүберекпен тазалаңыз.
5. Су ағызатын түтікшені жылы
сабынды суды пайдаланып қолмен
тазалаңыз. Зақым келтіріп алмас
үшін қышқылды, спрейді немесе
сол сияқты заттарды
пайдаланбаңыз.
10.6 Есікті алу және орнату
Тұмшапештің есігінің екі шыны панелі
бар. Тұмшапештің есігін және ішкі
шыны панелін алып тазалауға болады.
Шыны панельдерді алу алдында
"Есікті алу және орнату” тармағындағы
нұсқауды толық оқыңыз.
Ішкі шыны панельді
тұмшапештің есігін алмай
тұрып алғыңыз келсе,
пештің есігі жабылып
қалуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Пешті ішкі шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
1. Есікті толық ашыңыз да, есіктің оң
жағындағы топсаны табыңыз.
2. Оң жақ топсаның тетігін көтеріп,
бұрау үшін бұранда бұрағышты
пайдаланыңыз.
3. Есіктің сол жағындағы топсаны
табыңыз.
4.
Сол жақ топсадағы тетікті көтеріңіз
және бұраңыз.
5. Тұмшапештің есігін бірінші ашу
күйіне жартылай жабыңыз. Содан
кейін көтеріп алға тартыңыз да,
есікті ұясынан шығарып алыңыз.
6. Есікті жұмсақ мата төселген
орнықты жерге қойыңыз.
ҚАЗАҚ 33
Comentarios a estos manuales