Electrolux ESI47020X Manual de usuario Pagina 15

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 72
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 14
Әртүрлі фирма өндірген жуғыш
заттар әртүрлі жылдамдықпен ериді.
Кей жуғыш заттарды қысқа мерзімді
жуу бағдарламасы үшін қолданғанда
нәтижесі сондай жақсы болмайды.
Таблеткаларды жуғыш зат әбден
жуылып кету үшін ұзақ жуу
бағдарламасы үшін таңдаңыз.
Мульти таб функциясы
Multitab функциясы аралас
таблеткаларға арналған.
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш,
шайғыш зат және ыдыс жуғыш машина
тұзы тәрізді заттар бар. Кей
таблеткалардың құрамында басқа да
заттар болады.
Бұл таблеткалардың жергілікті жердің
суының кермектігіне сай келетін-
келмейтінін тексеріңіз. Өндіруші
нұсқауларын орындаңыз.
Мultitab функциясын орнатсаңыз, ол
қайта ажыратқанша қосылып тұрады.
Мultitab функциясы шайғыш зат пен
тұздың ағуын автоматты түрде
тоқтатады. Шайғыш зат пен тұздың
анықтағыш шамдары өшеді.
Мultitab функциясын қолдансаңыз,
бағдарлама ұзаққа созылуы мүмкін.
Multitab функциясын жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
қосыңыз не өшіріңіз.
Бағдарлама жұмыс жасап тұрған
кезде multitab функциясын қосып не
өшіре алмайсыз. Жуу
бағдарламасын өшіріңіз де, содан
соң бағдарламаны қайта орнатыңыз.
Multitab функциясын қосу үшін:
Multitab түймешігін басыңыз. Multitab
анықтағыш шамы жанады.
Multitab функциясын өшіру үшін:
Multitab түймешігін басыңыз. Multitab
анықтағыш шамы өшеді.
Құрғату нәтижесі
қанағаттандырмаса мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Шайғыш зат үлестіргішіне
шайғыш заттан салыңыз.
2. Шайғыш зат үлестіргішін
белсенді күйге көшіріңіз.
3. Шайғыш затты үлесті ру мөлшерін
2-ші орынға қойыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін тек
multitab функциясы белсенді күйде
тұрғанда ғана қосуға не өшіруге
болады.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу/өшіру
үшін:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. B және C функция түймешіктерін
басып, ұстап тұрыңыз.
A, B, және C функция
түймешіктерінің үстіңгі жағындағы
анықтағыш шамдар жыпылықтай
бастайды.
4. В функция түймешігін басыңыз.
А және C функция түймешіктерінің
үстіңгі жағындағы анықтағыш
шамдар өшеді.
В функция түймешігінің үстіндегі
анықтағыш шам жыпылықтауын
жалғастырады.
Сандық бейнебетте параметр
пайда болады.
Шайғыш зат
үлестіргіші
ажыратылған
Шайғыш зат
үлестіргіші қосылған
5. В функция түймешігін қайта басыңыз.
Сандық бейнебетте жаңа параметр
пайда болады.
6. Амалды құрылғы жадына енгізу үшін
құрылғыны өшіріңіз.
electrolux 15
Vista de pagina 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 71 72

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios