
Су жылыстап ағып кетпес үшін
контргайканы дұрыс орнатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны ұзақ уақыт
қолданылмаған құбырларға не жаңа
құбырларға қоспаңыз. Су құятын
түтікшені суды бірнеше минут
ағызған соң ғана жалғаңыз.
Су құятын түтікше екі қабатты қабықтан
тұрады және оның қауіпсіздік клапанына
арналған ішкі электр сымы бар. Су
құятын түтікшеде тек су ағып тұрған
кезде ғана қысым бар болады. Су құятын
түтікшеден су кетсе, қауіпсіздік клапаны
ағып жатқан суды тоқтатады.
Су құятын түтікшені қосатын кезде абай
болыңыз:
• Су құятын түтікшені не қауіпсіздік
клапанын суға салмаңыз.
• Су құятын түтікшеге не қауіпсіздік
клапанына нұқсан келсе, ашаны
розеткадан дереу ажыратыңыз.
• Қауіпсіздік клапаны бар су құятын
түтікшені тек қызмет көрсету
орталығына ауыстыруға рұқсат етіңіз.
Назарыңызда болсын! Қатерлі
кернеу
Су төгетін түтікше
1. Су төгетін түтікшені раковина түтігіне
жалғап, оны жұмыс тақтасының
астына бекітіңіз. Бұл раковинадан
ағатын кір су құрылғыға құйылып
кетуден сақтайды.
2. Су төгетін түтікшені желдеткіш
тесігі(ішкі диаметрі минимум 4 см) тік
құбырға жалғаңыз.
max 85 cm
min 40 cm
max 400 cm
Су төгетін түтікшенің еш жерінің
майысып не жаншылып суды ағызбай
қою тұрмағанын тексеріңіз.
Ыдыс жуғыш машина суын төгіп тұрған
кезде, су құрылғыға қайта құйылып
кетпес үшін раковина тығынын алып
қойыңыз.
Су төгетін түтікшені 2 м артық ұзартуға
болмайды. Ішкі диаметрі түтікше
диаметрінен кіші болмауға тиіс.
Су төгетін түтікшені раковинаның
астындағы түтікке түйістіру үшін пластик
қабықты(A)алыңыз. Қабықты алмасаңыз
ас қалдықтары су төгетін түтікті
толтырып қояды.
Құрылғы кір су қайта құйылып
кетуден сақтандыратын қауіпсіздік
функциясымен жабдықталған.
Раковина түтігі 'қайтармайтын
клапанмен' жабдықталса, бұл
клапан құрылғы суын дұрыс төгуге
кедергі жасайды. Қайтармайтын
клапанды алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Су
қосылымдарының су ағып
кетпейтіндей берік жалғанғандығын
тексеріңіз.
electrolux 23
Comentarios a estos manuales