
Анықтағыш шамдар
Шайғыш зат
1)
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру қажет болған кезде жанады. 'Шайғыш
затты қолдану' тарауын қараңыз.
Тұз
1)
Тұз сауытын толтыру қажет болған кезде жанады. 'Кір жуғыш машина
тұзын қолдану' тарауын қараңыз.
Сауытты толтырып болған соң, тұздың анықтағыш шамы бірнеше сағат
жанған қалпы тұрады. Бұның құрылғы жұмысына еш зиянды әсері жоқ.
1) Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде, тұз және/не шайғыш зат үлестіргіштері босап
қалса, тиісті анықтағыш шамдар жанбайды.
Болдырмау түймешігі
Осы түймешік арқылы жуу
бағдарламасын немесе кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтатуға болады.
'Жуу бағдарламасын орнату және
бастау' тарауын қараңыз.
Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер
Осы түймешіктермен жуу
бағдарламасын таңдауыңызға болады.
Түймешіктердің бірін қажетті
бағдарламаның анықтағыш шамы
жанғанша басыңыз. Жуу
бағдарламалары туралы толығырақ
ақпаратты 'Жуу бағдарламалары'
тарауынан қараңыз.
Multitab түймешігі
Multitab функциясын қосу/өшіру үшін осы
түймешікті басыңыз. 'Multitab функциясы'
тарауын қараңыз.
Қуатты үнемдеу түймешігі
Бұл функция кептіру цикліндегі
температураны азайтады. Қуат 10% бен
25% аралығында үнемделеді.
Жуу бағдарламасы аяқталған соң
ыдыс кеппей тұрса, олар өздігінен
суу үшін есікті ашып қойыңыз.
Бұл функция жуу бағдарламаларының
барлығында бар. Түймешікті басқан
кезде тиісті шам жанады.
Қуатты үнемдеу функциясы кей
бағдарламаларға еш әсер етпейді.
Қуатты үнемдеу функциясының қай
бағдарламаға әсер етіп, қайсысына әсер
етпейтінін 'Жуу бағдарламалары'
тарауынан көріңіз.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Кешіктіріп бастау түймешігін жуу
бағдарламасын 1 мен 19 сағат
арасындағы интервал бойынша
кешіктіріп бастау үшін қолданыңыз. 'Жуу
бағдарламасын орнату және бастау'
тарауын қараңыз.
Сандық бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
• су жұмсартқыштың орнатылған
деңгейі.
• Бағдарламаның соңына дейін қалған
уақыт.
• Шайғыш зат үлестіргіштің қосулы/
өшірулі (тек multitab функциясы
қосылып тұрғанда) тұрғандығы.
• Жуу бағдарламасының соңы.
Бейнебетте нөл пайда болады.
• Кешіктіріп бастаудың сағаттық мәні.
• Ақаулық кодтары.
Функция түймешіктері
Функция түймешіктерін мына әрекеттер
үшін қолданыңыз:
• Су жұмсартқышты орнату үшін. 'Су
жұмсартқышты орнату' тарауын
қараңыз.
• Multitab функциясы қосылып тұрғанда,
шайғыш зат үлестіргішін қосу/ажырату
үшін. 'Multitab функциясы' тарауын
қараңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұруға
тиіс:
• Жуу бағдарламасын орнату үшін.
• Су жұмсартқыштың деңгейін орнату
үшін.
• Шайғыш зат үлестіргішін ажырату/қосу
үшін.
Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
Құрылғы мына жағдайда параметрлерді
орнату режимінде тұрады:
– Барлық бағдарлама шамдары
жанғанда.
6 electrolux
Comentarios a estos manuales