
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 2
Бұйым сипаттамасы 5
Әркүндік қолдану 5
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
10
Күту менен тазалау 23
Не істерсіңіз, егер... 26
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар 27
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Құрылғыны орнатып, іске қосардың
алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз:
•Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
• Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін
• Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті
құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де,
онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс
пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе
ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін
адамдарға, балаларға оны іске қосуға
рұқсат бермеңіз. Олар осы құрылғыны
өздерінің қауіпсіздігі үшін жауап
беретін адамның нұсқауы немесе
қадағалауы бойынша пайдалануға
тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
балалардан аулақ ұстаңыз. Тұншығып
қалу немесе жарақат алу қаупі бар.
• Балалар мен кішкене үй жануарларын
есігі ашық тұрған немесе жұмыс істеп
тұрған құрылғыға жақындатпаңыз.
Жарақат алу немесе кемтар болып
қалу қаупі бар.
• Құрылғының құрсаулау тетігі не
түймешікті құрсаулау тетігі болса,
соны қолданыңыз. Бұл құрал балалар
мен үй жануарларының құрылғыны
байқаусызда іске қосуына жол
бермейді.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат
алу немесе құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Пайдаланып болғаннан кейін әрдайым
құрылғыны өшіріңіз.
Орнату
• Құрылғыны тек білікті электрик
орнатып, электр желісіне қосуға тиіс.
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл құрылғының
бөлшектерінің бүлінуіне немесе
адамның жарақаттануына жол
бермейді.
• Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет
болса, сатушыға хабарласыңыз.
• Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан
бұрын барлық орамдарын,
жапсырмалары мен төсемдерін алып
тастаңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасын алмаңыз. Бұл кепілдікті
заңды күшінен айырады.
• Құрылғы қолданылатын елдегі
заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар
мен талаптарды (қауіпсіздік
ережелері, қайта пайдалану
ережелері, электрлік және/немесе газ
2 electrolux
Comentarios a estos manuales