қауіпсіздік ережелері т.с.с.) толық
орындаңыз!
• Құрылғыны орнатар алдында
ашасының розеткадан ағытылғанын
тексеріңіз.
• Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны
жылжытқан кезде абай болыңыз.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз.
Құрылғыны ешқашан тұтқасынан
тартпаңыз.
• Құрылғыда ішкі электрлік қондырғы
болуға тиіс, ол құрылғыны барлық
магниттік полюстерде ені кем дегенде
3 мм түйіспелі саңылаудың көмегімен
желіден ажыратуға мүмкіндік береді.
• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған құрылмалардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Басқа аспаптармен және
құрылғылармен арада ең кіші
қашықтықты сақтаңыз!
• Бұл құрылғыны тағанның үстіне
орнатуға болмайды.
• Кіріктірілген пештер мен пештің үсті
арнаулы қосылым жүйесімен
жабдықталған. Қауіпсіздік мақсатында
тек бір өндіруші шығарған
құрылғыларды бірге пайдалану керек.
Электр қосылымы
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
• Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы электр
параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз
жеткізіңіз.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Электр құрылғыларын розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
• Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу
қаупі бар.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қорек
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.
Қолданылуы
• Бұл тек үйде қолдануға арналған
құрылғы. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта
қолданбаңыз.
• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Бұл адамның
жарақаттануына немесе мүлікке зиян
келуіне жол бермеу үшін қажет.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды және/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Керек-жарақтар мен кәстрөлдерді
алып-салған кезде қолғап киіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде әрқашан құрылғыдан
алыс тұрыңыз. Ыстық бу шығуы
мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
–құрылғының ішіне ыстық суды
тікелей қоймаңыз;
electrolux 3
Comentarios a estos manuales