Electrolux EOB8751AOX Manual de usuario Pagina 42

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 48
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 41
Тазалауға қатысты ескерім:
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін тазалау үшін
әдетте қолданылатын жуғыш заттарды
пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі жағын пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне
жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі мүмкін.
12.1 Бумен тазалау
1.
Қатты ластанған жерлерді қолмен
тазалаңыз.
2.
Шамамен 250 мл суды және 3 ас қасық
сірке суын тікелей бу генераторына
құйыңыз.
3.
түймешігін бейнебетте
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
4.
Бейнебетте ұзақтық (15 минут) және
әдепкі температура көрінеді. Тазалай
бастау үшін
түймешігін түртіңіз.
5.
Бумен тазалау аяқталған кезде дыбыстық
сигнал естіледі. Сигналды тоқтату үшін
сенсорлық өрісті түртіңіз.
6.
Құрылғыны жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Бу генераторындағы суды
жөкемен сорғытыңыз да, құрғатып
сүртіңіз.
Есікті шамамен 1 сағат ашық қалдырып,
құрылғыны әбден құрғатыңыз.
Тазалау циклін кешіктіріп бастау үшін
Аяқтау функциясын қолдануға
болады. "АЯҚТАУДЫ орнату"
тарауын қараңыз.
12.2 Сөре сырғытпалары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
Сөре сырғытпаларын алу
2
3
1
1.
Сырғытпаларды алдыңғы тежегіштен
еппен жоғары тартыңыз.
2.
Алдыңғы тежегіштегі сырғытпаларды
еппен ішке қарай жылжытыңыз.
3.
Сырғытпаларды артқы тежегіштен
тартып шығарыңыз.
Сөре сырғытпаларын салу
Сөре сырғытпаларын кері реттілікпен
салыңыз.
12.3 Бу шығаратын жүйе
Сақтандыру туралы ескерту!
Бу генераторын пайдаланып болған
сайын құрғатыңыз. Суды жөкемен
тазалаңыз.
Әк шөгіндісін су мен сірке суын
пайдаланып тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Әк шөгіндісін тазалайтын химиялық
құрал эмальға зақым келтіруі мүмкін.
Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Су тартпасы мен бу генераторын тазалау:
1.
Су мен сірке су қоспасын (шамамен 250
мл) су тартпасы арқылы бу генераторына
құйыңыз. Шамамен 10 минут күтіңіз.
2.
Суды және сірке суын жөкемен
тазалаңыз.
3.
Бу шығару жүйесін шаю үшін су
тартпасына таза су (100 - 200 мл)
құйыңыз.
42
www.electrolux.com
Vista de pagina 41
1 2 ... 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios